Орал қаласы NIS командасы ауыл мектептеріне әдістемелік көмек көрсетті

Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде ауыл мектептерін қолдау көрсетіп, тәжірибе тарату мақсатында «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін көтеру» жобасы қолға алынған.

Жоба аясында Орал қаласы NIS мұғалімдері әдістемелік көмек көрсету үшін Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы №5 жалпы білім беретін мектеп ұжымы мен Сырым ауданындағы Қадыр Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне барды.

Тірек мектептер қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, физика химия, информатика, география пәндерінен ашық сабақтар өткізіп, психология бағыты бойынша «Берік отбасы» бағдарламасы аясындағы бала мен ата-ана ынтымақтастығы жайында және «Қарым-қатынастағы эмоционалды мәдениеттілікті қалыптастыру» атты психологиялық семинар-тренингіні назарға ұсынды. Сонымен қоса тірек мектеп педагогтері мектеп кітапханасына қатысты және робототехника үйірмесінің шеңберінде туындаған сұрақтарына жауап алды.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы ауыл оқушыларының ғылыми жобалар жәрмеңкесін тамашалап, оқушылар мен мұғалімдерге зерттеу дағдыларын дамытудың тиімді тәсілдерін бөлісті. Lesson study бойынша зерттеу жұмыстарына талдау жасап, білім ордасының әлеуетін дамыту жайында пікірлерін білдірді. NIS командасы тірек мектеп мұғалімдерінің жұмыстарына толықтай талдау жасап, «FILA» әдісі арқылы кері байланыс алды. Педагогикалық басқосу барысында қажетті өзгерістер ашық айтылып, барлық педагогтер әр пән бойынша бірлесе сабақ жоспарларын құрды.

– Біз Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің білім беру жүйесіндегі үздік тәжірибемен бөлісе алдық. Қос мектеп ұжымы өте ұйымшыл және өзгерістерге дайын екені семинардың бастапқы кезеңінен-ақ байқалды. Әріптестеріміз бізбен тығыз қарым-қатынас арқылы оқыту мен бағалауға қатысты мәселелердің шешімін таба алды. Осылайша, ауыл мектептерін дамытуға біртіндеп үлес қоса бермекпіз, – дейді Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәкен Мыңбаев.

Тірек мектептерге қолдау таныту үдерісі Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда, Жәнібек аудандарында жалғаспақ.

 

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз-хатшысы Мөлдір Латифова

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий