Шымкент қаласы: “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” талқыланды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен өткен аптаның жұма күні Шымкент қаласында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу мақсатында республикалық білім беру ұйымдарындағы «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асырылуы туралы семинар ұйымдастырылды.

Бұл алқалы басқосуға бейіндік ведомствадағы Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Анар Тәңірбергенова, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева, Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі К.Қалдыбаев қатысып, бағдарлама бойынша баяндама жасады.

– Бала біздің болашағымыз екендігіне ешкімнің дауы жоқ. Біраз сол баланың тәрбиесіне ерекше мән беріп, айрықша көңіл аударатын кез-келген сияқты. Біздің бәріміз ұл-қыздарымыздың ертеңгі күні саналы азамат, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуы үшін шынайы түрде мейрімділік қажет. Жақсылықтарына қалай қуансақ келеңсіз қылықтарына да жүрек ауыртқан дұрыс, – деді  министрліктің өкілі Меруерт Әскербекқызы.

– Бұл құжаттың ең басты ерекшелігі біртұтас мазмұнының толықтай мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінде жазылуы дер едім. Себебі бұл бағдарламадан біздің қазақ халқының бұрынғы зиялы ағартушы ғалымдарының өнегелі өсиеті мен арыстарымыздың рухы сезіледі. Және бұл тұжырымдама ұлтымыздың  рухани құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне негізделген мазмұны терең дүние болып щыққан. Бәріміз біліміз бүгінгі бала айтқанды істемейді, көргенін қайталауға құмар, – деді шымкенттік бас ұстаз Нұргүл Ақылбекқызы.

– Демек ұл-қыздарымыз үлкендердің арасындағы сыйластық пен ізеттілікті көрсе, ең алдымен сол көзімен көрген тәлімді үйренеді. Сондықтан ұстаздар қауымы мен ата-аналар ғана емес баршамыз кейінгі жастарға үлгі-өнеге бола білгеніміз жөн. Бәріміз білеміз қазіргі жаһандану дәуірінде дәлелденген шындық әр қырық секунд сайын әлемдік деңгейдегі ақпарат жылдам өзгеріп отыр. Яғни білім беру бағытындағы ақпараттарымыз да тез ескіруде. Сақталып қалатыны тек құндылықтар жүйесі екен. Ол дұрыс емес, бұл құптарлық іс тұрғысында жаман мен жақсы, ар мен ұят, обал мен сауапты жастардың санасына сіңіргеніміз дұрыс. Екінші кезекте дағдылар жүйесі. Бұл – өз бетінше іздену арқылы мәтінмен жұмыс істеуі, іздеп тапқан ақпаратты түсінуі, келесі сатыға көтерілу үшін қосымша мүмкіндіктерге талпынысты құрайды.

Семинарға қалалық білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының бірінші басшылары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қамқоршылық кеңесінің және ата-аналар комитетінің төрағалары, сынып жетекшілері, «Өрлеу» институты басшыларынан құралған жалпы саны 1300-ге жуық адам шақырылса ZOOM платформасы арқылы бес жүз маман қатысқан. Жүздесу барысында өскелең ұраққа саналы тәрбие беру бағытындағы жаңашыл жоспарлар қызу талқыланып, сарапшы мамандар тарапынан пайымды пікірлер мен ұтымды ұсыныстар айтылды. Жиын соңында белсенді жастардан республикалық шығармашылық топқа мықты команда жасақталды.

Ләззат ТҮРКІСТАНОВА,
Астана-Шымкент-Астана

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий