Түлкібастық ағайынды оқушы  78 жастағы әжені құтқарып қалды

Адам өміріндегі игі істердің бірі – мұқтаж жандарға көмек көрсету. Қазіргі кезде жастар тәрбиесінде жүректі имандылыққа, қайырымдылыққа, игі де, ізгі іс жасауға баулу басты мақсатымыз. Осы ретте Түлкібас ауданында орын алған мына жағдаймен бөлісуді жөн санадық.

Дәлірек айтсақ, 2023 жылдың 14 қазан күні 11:30-дар шамасында М.Әуезов атындағы мектептің 9″а” сынып оқушысы Мейірбек Ален, ағасы Құрмет екеуі Машат өзенінің бойында ағып бара жатқан адамды байқап қалады. Ағалы-інілі бауырлар еш ойланбастан, өзенге қарай жанұшыра жүгіреді. Суды кешіп, ағып бара жатқан әжейді көтеріп судан шығарып алады. Сөйтіп, бірден жедел жәрдемге шақырып, отбасы мүшелеріне хабар береді.

Алты жүз метр қашықтықта суға аққан зейнеткер – ұстаз Жаңабаева Орынкүл екені анықталды. Қазіргі таңда әжейдің жағдайы жақсы. Ержүректілік пен батырлық танытқан Мейірбек Құрмет пен Аленге отбасы мүшелері, ауыл тұрғындары, мектеп ұжымы алғыстарын білдіруде. Біз де бойына адамгершілік пен ержүректілік қасиетті сіңіре білген қос шәкірттерімізді мақтан тұтамыз!

Түркістан облыстық білім басқармасының
баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий