Ақмолалық оқушылар спорттық олимпиадаға қатысты

Облыстық туризм, дене шынықтыру және алғашқы әскери технологиялық дайындық орталығы Ақмола облысы білім беру ұйымдарының оқушылар арасында “Денешынықтыру” пәні бойынша олимпиада өткізді. Спорттық жарыс Бурабай ауданының Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледж аланында өтті.

Ұйымдастырушылар айтқандай, қатысушылар үш күн бойы практикалық тапсырмалар орындап, соңғы күні барлық қатысушылар тест тапсырып, теорияда өз білімдерін көрсетті. Спорттық олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды: жеке есепте 5-6 сынып қыздар арасында I- орын Петренко Елизавета Сандықтау ауданы; II-орын Обухова Анастасия Бурабай ауданы және III-орын Таспаева Джамиля Көкшетау қаласы.

Жеке есепте 5-6 сынып ұлдар арасында I-орын Ануарбек Ахмет Степногорск қаласы; II- орын Кулис Егор Сандықтау ауданы; III- орын Смагулов Нурзада Көкшетау қаласы жеке есепте 7-8 сынып қыздар арасында I- орын Сатбаева Камила Жақсы ауданы; II-орын Алексеева Александра Көкшетау қаласы және III-орын Кайрбаева Дильназ Бурабай ауданы жеке есепте 7-8 сынып ұлдар арасында I-орын Мерғазиз Алдияр Көкшетау қаласы; II-орын Трипольски Сергей Сандықтау ауданы; III- орын Кайниденов Дидар Көкшетау қаласы.

Командалық есепте 5-6 сынып арасында I- орын Көкшетау қаласы; II- орын Бурабай ауданы; III- орын Сандықтау. Командалық есепте 7-8 сынып арасында. I- орын Көкшетау қаласы; II-орын Сандықтау ауданы және III- орын Бурабай Ауданы. Барлық жеңімпаздар диплом, грамота, кубок, медальдармен марапатталды. Құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий