Қызылорда облысы: Жаңақорған ауданында 600 орынға есептелген жайлы мектеп құрылысы жүргізілуде

Жаңақорған ауданындағы жұмыс сапары аясында Қызылорда облысындағы білім басқармасының басшысы Асқарбек Темірбекұлы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті. Жиынға аудан әкімі, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері және мектеп директорлары қатысты.
​Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық педагогтер съезінде: «Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет» деген болатын. Жиында басқарма басшысы Асқарбек Темірбекұлы Президент сөзін алға тартып, тәрбие – білімнің бастауы екенін атап өтті.
Мәжілісте білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, бала қауіпсіздігі мәселелері кеңінен қаралды. Асқарбек Темірбекұлы мектеп – білімнің ғана емес, тәлім-тәрбиенің де ордасы екенін айтып, бала-ұстаз-ата-ана арасындағы үштік одақ байланысы нығаюы қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ аудан бойынша білім беру саласындағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Өз кезегінде, аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы бірлесе жұмыс істеуге әрдайым қолдау көрсететінін жеткізді. Кездесуден соң Асқарбек Темірбекұлы аудан орталығындағы білім беру ұйымдарын аралады. Алдымен «Жайлы мектеп» жобасы аясында «Саяжай» мөлтек ауданынан салынып жатқан 600 орындық мектеп құрылысымен танысты.
Аталған жобаға аудан бойынша екі мектеп ұсынылды. Бүгінде жер телімі нақтыланып, құрылысы басталған. Бұдан бөлек, күрделі жөндеуді қажет ететін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, №163 орта мектебіне барды. Білім беру мекемелерінің жағдайымен танысып, ұсыныс беруді тапсырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий