Он мектепке – жаңа автобус

Республика күні қарсаңында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірдегі сегіз мектепке жаңа автобус кілттерін салтанатты түрде табыс етті.  Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл облыстық бюджеттен 462 млн теңге қаржы бөлініп, 10 автобус сатып алынды.
Оқушыларды тасымалдауға арналған көліктерді табыс етуге Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы Бауыржан Қабденұлы да қатысып, білім беру мекемелеріне толағай табыс тіледі. Жаңа автобустар Қаражал қаласының №1, №30 мектептеріне, Жаңаарқа ауданының №1 мектеп-лицейіне, Ұлытау ауданының №6, №1 тірек-мектептеріне, Сәтбаев қаласының Оқушылар сарайына, №3 «Білім-инновация» лицей-интернатына және Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатына берілді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аймақ басшысы 2 жаңа автобусты Жезқазған қаласындағы №13 жалпы білім беретін мектебі мен Жаңаарқа ауданының Қызылжар жалпы білім беретін мектебіне сыйға тартқан болатын. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы 10 білім беру ошағын жаңа автобуспен қамтуға қаражат қарастырылуда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий