Суицид пен зорлық-зомбылықтың алдын алу курстары: жыл соңына дейін 3500 педагогтің біліктілігі арттырылады

Биылғы жылдың соңына дейін 3500-ге жуық педагог балалар арасындағы құқық-бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қолайлы тәрбиелеу ортасын қамтамасыз ету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Оқыту онлайн және офлайн жүргізіледі, ол орта мектептердің басшыларын, педагогтерін және педагог-психологтарын қамтиды. Аталған білім беру бағдарламалары бойынша жыл басынан бері еліміздің әр өңірінен 7400-ден астам педагог қажетті білім мен дағдыларға ие болды. Айта кетейік, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі аспектілерін қамти отырып, белсенді түрде жүргізілуде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий