Ұлытау облысы: “Даналық мектебі” жұмысын бастады

Абай атындагы мамандандырылған мектеп-интернатында “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығы жанынан “Даналық мектебі” жұмысын бастады. Осы жоба аясында 8-сыныптардың бастамасымен «Әже мейірімі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, бұл басқосуға сегізінші сынып оқушыларының әжелері қатысты, – деп хабарлайды Ұлытау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Басқосудың мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым-қатынасты жақсартуын, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу. Отбасындағы әженің орны және отбасындағы ұлттық тәрбие.

Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Раимбекова Динара Журсуновна ашып, мектеп психологы Жетибаева Айгүл Әмзеевна әжелермен танысу тренингін өткізді. Сонымен қатар дөңгелек стол басында «Маған қымбат…», «Немере мен үшін?…» айдарымен ой қозғайтын әңгіме өрбіді. Әжелер өз ойларын ортаға салып, тәрбиелі, салиқалы және өмірден алған тәжірибелерімен ой бөлісті.

Әңгіме барысында әжелеріміз жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтарымен білікті де, білімді екендерін көрсете білді. «Әже мейірімі» атты дөңгелек столды ұйымдастырған сынып жетекшілер Казангапова Венера Орынбековна, Курмангалиева Байан Сайлаубековна, Мизамбаева Айгерим Жорабековна, Ергеш Нұрзат Ережепбайқызы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий