Гумилев атындағы ЕҰУ “Жасанды интеллект технологиялар” кафедрасының аға оқытушысы “Ым” қосымшасын ойлап тапты
Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің “Жасанды интеллект технологиялар” кафедрасының аға оқытушысы, PhD Нұрзада Амангелді “Ым” қосымшасын ойлап тапты.
Бұл қосымша сөйлеуі мен есту қабілеті төмен жандарға арналған, “Ым” тілінде сөйлейтін адамның қоғаммен байланысын орнықтыруға арналған және бұл қосымша олардың өміріне үлкен мүмкіндіктер ашуға жол береді. Яғни сіз сөйлейсіз, сөйлеген сөзіңізді смартфондағы қосымша оны “Ым” тіліне аударып береді. “Ым”қосымшасы аудио және мәтін күйінде шығарып береді.
Нәтижесінде екі жақты пікір алмасу жеңілдейді, – дейді Нұрзада Амангелді. Жоба туралы білгіңіз келсе, журналист Нұрбек Бекбаудың “Ғылымстан” бағдарламасынан толығырақ көре аласыздар.
Загрузка...