Жасанды интеллектке ғалымдар 50 млн қазақ сөзін енгізді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасынан: “Армысыздар достар, сәрсенбі сәттілікке толы болғай! Бүгін, ерекше жаңалықты өздеріңізге жеткізгім келеді.
Жасанды интеллектке ғалымдар 50 млн. қазақ сөзін енгізді. Нақтырақ айтқанда, жасанды интеллекте ағылшын, орыс яки қытай тілінде тапсырма берсең, ол сізге мақала да жазып береді, қажет десеңіз фильм де түсіріп береді. Ал қазақша жаза ала ма? Қазақша түсіне ме?
Жасанды интеллект қазақтың тілін түсіну үшін, осы күнге дейін жазылған кітап, аудио, ән тағысын тағы бәрін цифрлап, жасанды интеллекте енгізу керек. Дәл осы іспен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыхан Аитова айналысу үстінде.
Ғалым осы күнге дейін жасанды интеллекте 50 млн. қазақ сөзін енгізіп үлгерген.”
Загрузка...