Алматыда «EdCrunch X – барлығына бірдей дәрежедегі қолжетімділік» атты халықаралық мерейтойлық конференциясы өтеді

15-16 қараша күндері Алматыда білім берудегі цифрлық технологиялар бойынша «EdCrunch X – барлығына бірдей дәрежедегі қолжетімділік» атты халықаралық мерейтойлық конференциясы өтеді. 

25 елден 350-ден астам халықаралық спикерлер мен 5 000 қатысушы Алматыға жиналып, оқу үдерісінде жасанды интеллектіні пайдалану, білім алудағы бірдей дәрежедегі қолжетімділік сияқты білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды. Бұдан басқа 30 мыңнан астам адам конференцияға онлайн формада қосылады.

Жасанды интеллект –  білім берудегі шындықты ақиқатқа айналдырып, біз үшін шексіз мүмкіндіктерге жол ашып келеді. Болашақта әр баланың тәулік бойы қол жетімді өзінің жеке мұғалімі пайда болады. Егер біз жасанды интеллект әрбір балаға қолжетімді және пайдалы болуын қаласақ, онда біз бүкіл әлемде білім беру саласын цифрландыруды қамтамасыз етуіміз керек. Бүгінгі таңда білім берудегі теңсіздік әлі де өзекті мәселе екені рас. Көптеген мемлекеттерде мектептің орналасқан жері білім берудегі мүмкіндіктерді анықтайтыны анық. Мектеп неғұрлым танымал болса, тұрғын үйдің бағасы да соғұрлым қымбаттырақ. Бұл әлеуметтік теңсіздікті одан әрі күрделендіріп, оған қоса талантты балаларға кедергі болуда. Цифрлық технология мен жасанды интеллект мұндай теңсіздікті толығымен жоймауы мүмкін, бірақ ол әлеуметтік және басқа да келеңсіз жағдайларға тап болатын оқушылар үшін қиындықтарды, бастапқы мүмкіндіктерді теңестіре алады.

Жасанды интеллект әрқашан барлық жағдайда қол жете бермейтін нәрсені шындыққа айналдырды. Осы жерде заңды сұрақ туындайды: ЖИ біздің балаларымызға не үйретеді, ол қандай мақсаттарды көздейді? Оның пайдасын тек онсызда жақсы білім алуға мүмкіндігі бар балалар ғана көріп қойса қалай болмақ? EdCrunch-тың мақсаты – тиімді және сапалы білімге әрбір адам өздігінен қол жеткізіп, өзін дамытуға мүмкіндігі артуына жағдай жасау. Бұл өзіміздің де үнемі білім жетілдіріп жатқанымызды білдіреді. Қоғамның мектептер мен университеттердегі білім сапасына деген сұранысы күн санап артып келеді. EdCrunch міндеті мектептер мен университеттерге деген осы ортаның талабына бірге жауап беруге көмектесу болып табылады. Соңғы 10 жылда EdCrunch білім беру мазмұнын әзірлеу мен жаңартудың қозғаушы күшіне айналды. Осы кезге дейін, EdCrunch бас қосуларында әлемнің 35 елінен 1500-ден астам танымал спикерлер мен 2000-нан астам отандық кәсіби мамандар өз білім, білігімен бөлісті. Қатысушылардың жалпы саны 40 000-нан асты. Біз әдіскерлер, психологтар, дизайнерлер, продюсерлер, мұғалімдер және басқа да кәсіп иелері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жетілдірсек дейміз. Бұл әрекетіміздің барлығы оқу мен оқытудың сапасын арттырып, тек қана жақсы нәтижелер әкеледі деп есептейміз», – дейді EdCrunch бағдарламасының директоры Нұрлан Қиясов.

Конференция барысында білім берудегі цифрлық технологиялар, когнитивті ғылым, жасанды интеллект және нейробиология саласындағы заманауи жетістіктерге, сондай-ақ үйде оқыту әдістеріне және онлайн магистратураның іске қосылуына арналған 150 сараптамалық сессия, панельдік пікірталас және шеберлік кластары өтеді.

Спикерлер арасында Дубай, Финляндия, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ, Сингапур, Эстония, Таиланд, Мексика, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, АҚШ және Ұлыбритания университеттерінің басшылары, білім беру платформаларының, онлайн университеттердің, инновациялық мектептердің өкілдері бар.

 

Ақпарат үшін:

EdCrunch» – 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан білім берудегі жаңа технологиялар жөніндегі ең маңызды конференция. Он жыл бойы EdCrunch IT мамандарын, мұғалімдерді, ата-аналарды, сала бойынша компанияларды және EdTech стартаптарын біріктіріп келеді. Осы жылдар аралығында EdCrunch 35 елден 1500-ден астам танымал спикерді біріктірген білім берудегі жаңа бастамалардың жаһандық күшіне айналды.

 

Өтетін күні: 15-16 қараша, 2023 жыл.

Өтетін орны: Республика сарайы, «Қазақстан» қонақ үйі, Каспий университеті,

Алматы, Қазақстан + edcrunch.online

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий