Павлодар қаласы: Мектеп мұғалімдерінің жергілікті форумы
Әдістемелік демалыс апталығы аясында жергілікті білім беру бөлімінің қолдауымен А.Байтұрсынұлы атындағы мектепте қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Төлегенұлы Қыдралиннің қатысуымен «Үздіктен үйрен»: Табысты мұғалім – табысты оқушы» форумы ұйымдастырылып, облыс орталығындағы жалпы білім беретін мектептердің бес жүзден астам мұғалімдері қатысты.
Мақсаты – облыстық және республикалық кәсіби байқаулардың жеңімпаздары, шебер мұғалімдердің үздік педагогикалық тәжірибесі негізінде мұғалімдер мен педагогикалық практикалардың кәсіби құзыреттілігін дамыту. Форумның пленарлық бөлімінде функционалдық сауатты тұлғаны дамытудың маңызды факторы ретінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі туралы негізгі тақырыптар қарастырылып, талқыланды. «Педагог қызметінің тиімділігін бағалау: лайфхактар, тәсілдер, шешімдер» тақырыбында Салмен Гүлнара Ислямбекқызы, «Teach for Qazaqstan» ҚҚ директоры, халықаралық хакалавриаттың (International Baccalaureate) білім беру бағдарламаларының және халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) халықаралық аккредиттеуінің халықаралық сарапшысы сөз сөйледі.
«Мұғалімнің үздіксіз дамуы – оның кәсібилігінің басты шарты» тақырыбында Алмағамбетов Қайыржан Сағынтайұлы, педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы, «Педагог қызметіндегі эмпатия» тақырыбында Жақсылықова Жанара Жұмағұлқызы, А.Шамкенов атындағы лицей-мектептің бастауыш сынып мұғалімі, республиканың «Үздік педагогі» атағының иегері, әлемнің үздік 100 мұғалімдерінің қатарына енген педагог, «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы перспективалық-сабақтастық байланыстары» тақырыбында Лебедева Лариса Анатольевна ойларын ортаға салды.
Акпаева Асель Бакировна, п. ғ. к., «Бастауыштағы оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының доценті, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті», «Басшы әрекетіндегі функционалдық сауаттылық» тақырыбында Бектемирова Гаухартас Болатқызы, № 35 мектептің директоры, «Цифрлық менеджмент-басқарудың маңызды құралы» тақырыбында Мигунова Татьяна Алексеевна, А. Байтұрсынұлы атындағы мектептің директоры пайымды пікірлерін білдірді.
Мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен өткен секцияда жаттықтырушы, қауымдастырылған профессор Алиясова Анастасия Васильевнаның қатысуымен педагогикалық ұжымда психологиялық жайлылық ортаны құру туралы мәселелер талқыланды. Үш диалог алаңында воркшоптар өтеді, онда сабақты жоспарлау, критериалды бағалау, Павлодар қаласы мектептерінде «шебер мұғалім» біліктілік санаты бар мұғалімдер, педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушылары, «Үздік педагог» байқауының жүлдегерлері сабақ арқылы тәрбие мақсаттарын іске асыру мәселелері бойынша шеберлік сағаттары өткізілілуде.
Сондай-ақ, демалыс апталығы аясында қаланың барлық мектептерінде әдістемелік сағаттар өтті. Форум жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданып, қала мектептеріне жолданды.
Павлодар қаласының білім болімі
Загрузка...