Медпойыз Түркістан облысында өз жұмысын бастайды

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қызылорда облысындағы жұмысын аяқтап, 3 қарашада Түркістанға жол тартады.

Онда ақжолтай құрам Күншағыр (03-05.11), Ақшоқат (05-07.11), Қарақоңыр (07-09.11), Шағыр (09-11.11), Бадам (11-13.11), Игілік (13-15.11), Қызылсай (15-17.11) және Ынтымақ (17-19.11) бекеттерінде халыққа қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, рельс үстінде жүйткіген емхана биыл сәуір айында өз жұмысын бастағалы бері Сыр өңіріндегі Белкөл станциясы тұрғындар сапалы ем-домға қол жеткізген жүзінші станцияға айналып, 60 мыңнан аса халыққа көмек көрсетілді.

Естеріңізге салсақ, әлеуметтік жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен жүзеге асыруда.

Түркістан аймағында жұмысы аяқталғаннан кейін медициналық пойыз Жамбыл облысында (20 қараша мен 05 желтоқсан аралығы) 8 станцияға аялдайды. Ал 6 желтоқсанда теміржолдағы денсаулық керуенінің қызметі қорытындыланады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий