Жамбылда ел мұғалімдерінің үшінші спартакиадасы өткізілді
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 29 қазан – 5 қараша аралығында Тараз қаласында ІІІ Қазақстан Мұғалімдер Спартакиадасы өткізілуде.
Білім беру мекемелерінің мұғалімдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған республикалық жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарынан 13 командадан 824 мұғалім қатысты. Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер, гимназиялар, жеке меншіктегі мектептер мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің мұғалімдерінен құралған командалар волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, асық ату, бес асық сынды 6 спорт түрінен бақ сынасты.
Жарыстың жоғары деңгейде өткізілуіне және әділ өтуі үшін төрешілік жасалуына 56 төреші, 7 аудан әдіскері, 10 дене шынықтыру орталығының өкілі жұмылдырылды. Жарыс нәтижесінде жалпы командалық есепте І орынды Қызылорда облысының командасы иеленсе, ІІ орынды Ақтөбе облысы, ІІІ орынды Алматы қаласы және Жамбыл облысының командалары алды. Жеңімпаздарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының дипломдары, сертификаттары, медальдары мен командалық кубогы табысталды.