Түркістан облысы: Келесте аймақтың педагог-психологтары бас қосты

Келес ауданына қарасты №10 «Игілік» жалпы орта мектебінде «Ата-ана мен бала арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастыру» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Аймақтық тәжірибелік семинар Түркістан облысы білім басқармасының жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Семинарға Жетісай, Сарыағаш аудандарынан жалпы 40 педагог-психолог қатысты.

Жиында Білім беруді дамыту орталығының әдіскері Тлеубердиева Ғазиза Сабидулаевна білім саласының өзекті мәселелерін атап өтті. Сонымен қатар Келес ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттінің психологиялық жұмыстар жөніндегі әдіскері ата-ана мен бала арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатындағы педагог-психологтардың атқарып жатқан жұмыс барысы туралы айтты. Секциялық отырыстарда ата-ананың баламен қарым-қатынас мәселелері де талқыланды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий