“Зерде” республикалық зерттеу жобалары: Ақмолалық оқушылар байқаудың облыстық кезеңіне бес жүзден астам жобаны ұсынды

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ХІХ республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш байқауға 568 зерттеу жобалары тапсырылып, оның ішінде 263 зерттеу жобалары сараптамадан өтті. Байқауға 17 ауданнан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан барлығы 293 оқушы қатысты.

“Оқушылардың зерттеу жұмыстары 12 секция бойынша өткізілді. Жүлдегерлер жас ерекшеліктеріне сәйкес 2-4 (кіші жастағы топ) және 5-7 (ересек жастағы топ) сыныптар бойынша анықталды”,- деп орталық директоры Еркін Оразов қосып толықтырды. Облыстық кезеңі байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен салтанатты марапаттау рәсімі Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq saraiy» оқушылар мен жасөспірімдер сарайының базасында өткізілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий