Келестік оқушы өсімдікті вегетативті жолмен өсіру мүмкіндігін зерттеуде

Түркістан облысындағы Келес ауданының №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Ералхан Қазына Алтынбекқызы 3 жылдан бері жүзімнің бірнеше сорттарын жасыл қалемшелеу әдісімен өсіріп келеді.

Жасыл қалемшелеу – өсімдіктерді вегетативті жолмен көбейту тәсілдерінің бірі. Жасыл қалемшелер регенерация процессі барысында қалемше сабағынан қосалқы тамырларды, ал бүршіктерінің дамуы нәтижесінде өркендердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Өсімдіктерді жасыл қалемшелеу әдісімен көбейту арқылы құнды шаруашылық қасиеттері бар генетикалық біртекті отырғызу материалын алуға болады.

Жас ғалым осы тақырыпта ғылыми жұмыс та жазды. Ғылыми жұмыстың өзектілігі «Корневин» өсу препаратын қолдану арқылы қалемшелердің тамырлану деңгейі жоғары, өсуі және жеміс беру мерзімі ерте болғанын зертеу. – Жалпы өсімдіктердің өсуін тездету үшін жасыл қалемшелеу әдісін қолдансақ нәтижелі болмақ. Келешекте жүзім сорттарын микроқалемшелеу, бүршікті көктету, зерттеу жұмыстарын жүргізуді ойластырып отырмын. Жүзімнің шамамен мыңдаған түрі кездеседі. Сондықтан бұл бағыттағы зерттеуім қызықты болмақ, – дейді Қазына Алтынбекқызы. Айта кету керек Қазына келешекте ғылым жолын таңдап, биотехнология саласында еңбек етуді мақсат еткен.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий