Жамағат пен имамдар белбеу күресінен сайысқа түсті

Жексенбі күні Алматыда «Қазақ күресінен» ерекше турнир өтті – онда 75 келіге дейінгі және 75 келіден астам салмақ дәрежесінде мешіт қызметкерлері мен жамағат арасында күш пен ептілік сыналды.

Турнир оңтүстік астанадағы мешіт жамағаты арасындағы мәдени-спорттық-бұқаралық іс-шаралар және «Асыл мұра» жобасы аясында өтті. Жарқын спорттық көріністі Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Nomad Leader» ЖШС азаматтық белсенділері ұйымдастырды.

Көрермендер арқа мен жамбас арқылы әсерлі лақтыруларды тамашалаумен қатар, отандастарымызға қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын, Ханафи мазһабының негіздерін және мемлекеттік саясаттың дін саласындағы негізгі қағидаттарын нақты түсіндіріп берген дінтанушылармен тілдесе алды. Ал бұл, ең алдымен, зайырлы мінез және дінге деген дұрыс көзқарас.

Жарыс жеңімпаздары көрермендердің қошеметіне қоса, қаржылай сыйланды: чемпиондар 250 мың теңгеден, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше 150 және 100 мың теңгеден сыйақы алды.

Фото: ТОО “Nomad Leader”

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий