Ақтөбе облысы: Кәсіподақ сыйына ие болды

Ақтөбе қаласында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» республикалық байқауының өңірлік кезеңі өтті.
Байқауда педагогикалық идеяларымен таңқалдырған ең үздік, креативті, шығармашыл жеңімпаздардың есімдері аталды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Ақтөбе облысы білім басқармасының, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің, Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, облыстық, қалалық әдістемелік орталықтарының өкілдері қатысты.
 
Олар марапаттау шарасында байқау жеңімпаздарын құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Салтанатты жиында педагогтерге дипломдар, алғыс хаттар мен гүл шоқтары тапсырылды. Сондай-ақ, облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының 50-ге жуық кәсіподақ мүшесіне тарихи-танымдық саяхатқа баруға сертификаттар мен байқауға қатысқан 150-ге жуық кәсіподақ мүшесіне бағалы сыйлықтар табысталды.
«Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық
бірлестігінің баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий