“Тәуелсіздік ұрпақтары” гранты жемісін беруде!

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев мырзаның бастамасымен 14-35 жасқа дейінгі шығармашыл жастарға берілетін «Тәуелсіздік ұрпақтары» мемлекеттік гранты елімізде сәтті жүзеге асып жатыр. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған конкурс нәтижесінде «Ғылым» бағыты бойынша жеңімпаз атанып, ғылыми идеяны іске асыруға мүмкіндік алдық.

2023 жылдың қаңтары мен желтоқсан айлары аралығанда грантың жалпы соммасы 3 млн теңге қаражатқа зертеу жұмыстары орындалды. «Dental – zpc» тақырыбында іске асырылған ғылыми жоба сәтті нәтижелерге жетті. Жоба идеясы – Қазақстанда аналогы жоқ, алғаш рет отандық тәжрибеде стоматологиялық қажеттіліктер үшін мырыш-фосфатты цемент алуды жүзеге асыру болды. Жобаның инновациялығы – мырыш-фосфатты цемент құрамына 1,5-3,0 % фосфор өнеркәсіп қалдығын қосу арқылы алынатын өнімнің беріктігін арттыру, ақтық дәрежесін жоғарлату, бастапқы қатаю мерзімін ұзарту.
Алматы қаласына ұймыдастырылған іссапар кезінде ҚР Ұлттық кітапханаға, Республикалық ғылыми-техникалық кітапханаға, Ұлттық ғылым академияның оқу залына техногенді қалдықтарды стоматологиялық мырыш-фосфатты цемент құрамына қосу мүмкіндігі мен оның адам денсаулығына әсері бойынша шет елдік ғалымдардың еңбектеріне әдебие-патенттік шолу жұмыстар жасалды. Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ стоматология мектебінің деканы, м.ғ.д., профессор Алтынбеков Кубейсин Дуйсенбаевичтен идеяның іске асыру бойынша ұтымды кеңестер алынды.

Фосфор қалдығына толық сандық-сапалық анализдер жасалып, химиялық құрамы анықталды. Шымкент қаласындағы Ұлттық сараптама орталықта «Радиология» зертханасында қалдық құрамында кездесетін радионуклидтердің нақты тиімді белсенділігі мен радиоактивтілігі зерттелді. Шикізат құрамы оңтайландырылып, құрамдар электр пешінде 1000-1100°С жоғары температурда күйдірілді. Алынған стоматологиялық мырыш-фосфатты цементтің сапасына МЕСТ 31578-2012 талаптарына сәйкес зерттеу жүргізілді.
Сондай-ақ, ЖШС «AZAT-ЭЛЬ» тіс емханасында тістері бар адам жақ сүйек моделіне және жұлынған тіске клиникалық сынақ жасалды. Зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған журналда 1 мақала, ҚР «Ұлттық зияткерлік меншік институты» беретін 1 пайдалы модель патенті алынды. Сонымен қоса, жоба нәтижелері Қарағанды қаласында «Бөкетов университеті» және Шымкент қаласында «Әуезов университеті» базасында ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференцияларда таныстырылды, көрмеде ұсынылды, баяндама жасалды.

Жоба тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығы ескеріліп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университтетіде «8D07190 – Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс докторанты Абдуллин Айдана Абдуллинқызының PhD диссертациялық жұмысына тақырып ретінде берілді. Ел жастарының ғылыми және шығармашлық бастамаларына қолдау білдіру еліміздің экономикасына серпін беретіні анық. Қоғамның белсенді жастары, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауды сезіп және мемлекет басшының көрсеткен ықыласы мен сенімін ақтау біздің басты мақсатымыз деп ойлаймын.

Нурғали Надырұлы ЖАНИКУЛОВ,
“Тәуелсіздік ұрпақтары” грантының иегері,
«Болашақ» халықаралық бағдарламасының
түлегі, философия докторы (PhD)