Алматыда мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін оқыту басталды

16 қазанда Алматының 194 балабақшасынан жиналған 2205 педагог оқуды бастады. Оқыту Еуразиялық техникалық-экономикалық колледжінің мемлекеттік келісімшартты орындау шеңберінде мемлекеттік балабақша педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беруде заманауи білім берудің технологиялары және балаларды ерте жастан дамытудың халықаралық практикалары» тақырыбы бойынша Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының жол картасын іске асыру аясында жүргізіледі.

Бір жарым айдың ішінде педагогтер жетекші ұлттық тәжірибемен, сондай-ақ Германия, АҚШ, Финляндия, Израиль, Швеция және Ресей елдерінің озық тәжірибелерімен танысады. Тәрбиешілермен, педагог-психологтармен, қазақ тіліні мұғалімдерімен, логопедтермен, дене шынықтыру нұсқаушыларымен, музыка жетекшілерімен және мектепалды педагогтермен сарапшы-практиктердің үлкен халықаралық командасы жұмыс істейді.

Ноам Герштейн – Bina School онлайн мектебінің негізін қалаушы және бас директор, Германия;

Том Хобсон – әдіскер, Teacher Tom’s Play Summi ұйымдастырушысы, АҚШ;

Кристоф Фенивеси – Experience Workshop білім беру желісінің STEAM жөніндегі директор, Финляндия;

Стефани Олмор – ерте жастағы балаларды оқытудың Ұлттық қауымдастығында сапаны арттыру бастамалары бойынша директор, АҚШ;

Дерте Мюльхайм – Kibequa балабақшаларының жетекшілеріне арналған онлайн-академияның негізін қалаушы және бас директор, Германия;

Роджер Сальё – «Балалық шақты цифрландыру» зерттеушілер тобының жетекшісі, әлемге танылған балалар психолог-зерттеушісі, Швеция;

Игорь Шиян – Урбанистика және жаһандық білім беру ҒЗИ директорының орынбасары, баланы дамыту зертханасының меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты, Ресей;

Ольга Шиян – баланы дамыту зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, МҚПУ білім беру бағдарламалары Дирекциясының доценті, психология ғылымдарының кандидаты, Ресей.

Тағы, сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру және ерте балалық шақта оқыту саласындағы 30-дан астам жетекші маман бар. Оқыту форматы аралас: онлайн және оффлайн.

Оқыту кезінде педагогтер мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің практикасында балаларды ерте жастан дамытуда заманауи әдістемелерді қолданудың авторлық бағдарламаларын әзірлейді. Қабылданған жұмыстар қорытындысы бойынша байқау өтеді және 10 жеңімпаз деп танылған педагог Ташкент қаласына тағылымдамадан өтуге аттанатын болады.

Онлайн оқытудың бірінші аптасы сәтті өтті. 26 қазанда күндізгі (оффлайн формат бойынша) сабақтар басталды. Алғашқы күні педагогтер интерактивті түрде бағдарламаны әзірлеудің барлық кезеңдерінен өтті. Сахнада жаттықтырушының бірнеше курс қатысушыларымен бірге идеяны бағдарламамен жұмыс жасау жоспарына реалити-бағдарламадағы секілді қалай қол жеткізуге болатындығын көрсеткен сәт өте қызықты болды.

Сабақтарды жүргізуші спикерлер өз шеберліктерінің құпия-сырларымен және әдістемелік материалдарымен аса жомарттықпен бөлісті.

Курс қатысушылары осы алып жатқан білімдерді өздерінің жұмыс тәжірибесіне енгізуге әзір екендіктері туралы қандай пікірлер қалыптасты?

  • Бағдарлама біліктілікті арттыруға алынған білімді ары қарай дамытуға жаңа идеялар берді
  • Тәрбиешімен бірлесіп жұмыс істеу үшін қимылды ойындар картотекасын жасаймын. Вебинар өте ұнады. Қолжетімді, барлығы тақырып бойынша, артық ештеңе жоқ. Өз сабақтарымды өткізуде кейбір ұйымдастырушылық сәттерді ескеретін боламын.
  • Қысқа уақыт ішінде көп ақпарат берілді
  • Мен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлерін шақырғанына қуаныштымын. Бізге мұндай материалдар өте қажет.
  • Материалдар пайдалы, әсіресе, саусақ ойындары.
  • Сапалы материалдар және тамаша лектор.
  • Қарапайым сөзбен айтқанда мазмұны бай! Алғысым шексіз!
  • Маған ұнады, тағы да қатысқым келеді.
  • Мазмұны өте бай және пайдалы вебинар болды. Осындай курстарды ұйымдастырғандарыңызға көп рахмет!!!

Жақсы бастама – бүкіл курс үшін үлкен мотивация. Әр апта сайын алатын әсеріміз үнемі оң болып, арта берсін. Бұл дегеніміз – әрбір маманның және жалпы балабақша жұмысы қазақстандық бүлдіршіндердің игілігі үшін өзгеретінін білдіреді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий