Алматы қаласы: Аягүл Миразова атындағы екінші қалалық математикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау жөне қолдау жөніндегі орталығы 2022 жылы бастау алған Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аягүл Миразова атындағы ІІ қалалық математикалық олимпиада №178 мамандандырылған лицей базасында өтті.

Олимпиаданың мақсаты: математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, стандартты емес ойлауды дамыту, оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру. Бұл іс-шара жас математиктерге өз қабілеттерін көрсетуге және математика саласында лайықты танылуға тамаша мүмкіндік береді. Олимпиада үш кезеңде өтті: мектепішілік, аудандық, қалалық.

Олимпиаданың аудандық кезеңіне білім беру мекемелерінің 8-9 сыныптарынан 755 оқушы қатысып, ең үздік нәтижемен 106 оқушы қалалық кезеңде қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 11 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Ли Игорь №90 мамандандырылған мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы – І дәрежелі диплом, 100 000 теңге ақшалай сертификат және планшет; Гадеева Диана №18 гимназияның 9 сынып оқушысы – І дәрежелі диплом, 100 000 теңге ақшалай сертификат және планшет.

Кошкаров Мансур №130 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы – ІІ дәрежелі диплом, 50 000 теңге ақшалай сертификат және Яндекс станция; Кемелбай Мұхаммедмансұр «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 8 сынып оқушысы – ІІ дәрежелі диплом, 50 000 теңге ақшалай сертификат және Яндекс станция; Годяев Дмитрий И.В. Панфилов атындағы  №54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы – ІІ дәрежелі диплом, 50 000 теңге ақшалай сертификат және Яндекс станция.

Нағашбек Нұрайлым Алматы қыздар мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – ІІ дәрежелі диплом, 50 000 теңге ақшалай сертификат және Яндекс станция; Назаренко Майя «Тамос Эдьюкейшн» физика-математикалық мектептің 8 сынып оқушысы – ІІІ дәрежелі диплом, 30 000 теңге ақшалай сертификат және құлаққаптар; Щапов Валерий №44 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы – ІІІ дәрежелі диплом, 30 000 теңге ақшалай сертификат және құлаққаптар; Хакімжан Ерден «NGS Жаңа ұрпақ» мектебінің 9 сынып оқушысы – ІІІ дәрежелі диплом, 30 000 теңге ақшалай сертификат және құлаққаптар.

Еркен Алимжан «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – ІІІ дәрежелі диплом, 30 000 теңге ақшалай сертификат және құлаққаптар; Қайрат Аружан С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 9 сынып оқушысы – ІІІ дәрежелі диплом, 30 000 теңге ақшалай сертификат және құлаққаптар.

Грамотамен марапатталған 10 оқушыға 10 000 теңге көлемінде Марвин сертификаттары табысталды: Жұмажан Аяжан №126 мамандандырылған лицейдің 8 сынып оқушысы; Буткеев Давид №113  мектеп-гимназия 8 сынып оқушысы; Омарова Ясмин №22 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы; Еген Дариға №58 жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушысы; Белоусова Алеся И.В. Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы; Шертай Сырымбет №173 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы.

Кенжебай Бекасыл «KEMEL» қалалық физика-математика мектептің 9 сынып оқушысы; Мартжан Бекарыс Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның 9 сынып оқушысы; Жильцова Анна № 134 лицейдің 9 сынып оқушысы; Чжан-вин-зин Максим Phys Tech sсhool Almaty 9 сынып оқушысы.

«Алматы дарыны» дарынды балалар
мен талантты жастарды анықтау
жөне қолдау жөніндегі орталығы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий