Елорда прокуратурасы инвесторға көмектесті
Елордада жеке білім беру мектебінің құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыру аяқталды.
Мектеп 900 оқушыға және 100 мектепке дейінгі орынға қарастырылған, жалпы инвестиция көлемі 4,5 млрд теңге.
Бұл ретте инвестор ұзақ уақыт бойы рұқсат құжаттарын ала алмаған.
Уәкілетті орган оларды беруден бірнеше рет бас тартқан.
Оқу-ағарту министрлігіне тапсырма, кәсіпкермен өткізілген кездесулер және прокуратураның Фронт-кеңсесінің жұмысында әзірленген шешімдер инвесторға көмектесті.
Бүгінгі таңда кәсіпкерге қажетті құжаттар берілді.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында елордалық прокуратурада кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмыс істейді (байланыс телефоны: 8-747-216-15-58).
Астана қаласының прокуратурасы
Загрузка...