Мұғалімдер спартакиадасы

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы “Рахат ауылдық округі №1 орта мектебі” “Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы” атты әкелер форумын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – заманауи қоғамдағы, отбасындағы әкенің рөлі мен маңызын насихаттау, дәріптеу. Іс-шарамызға Еңбекшіқазақ аудандық газетінің бас редакторы Рахметжанов Хайролла Қасымұлы, Еңбекшіқазақ аудандық “Ақсақалдар кеңесінің” төрағасы Ұзақов Тілеулес Дүйсенбайұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Мықыбаев Жұман Сембайұлы , Рахат ауылдық округінің “Ақсақалдар кеңесінің” төрағасы Бақберген Ашимович және ауылымыздың ақсақалы Жәнібеков Тасбай атамыз қонақ болды.

Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін жиі айтады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. Ал әке мектебінен өткен бала сол мұраға қиянат жасамауға тырысқан.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий