Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттар қабылдау 12 желтоқсанда басталады
Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады.
Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру бағдарламасына 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» 469 грант, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға» 461 грант, «Ветеринарияға» 197 грант, «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпаратқа» 131 грант, «Өнер және гуманитарлық ғылымдарға» 109 грант, «Қызмет көрсетуге» 98 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға» 69 грант, «Бизнес, басқару және құқыққа» 1 грант бөлінген.
Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетсек, 2-8 желтоқсан аралығында кешенді тестілеу өтуде. Жалпы, тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды.
ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы
Загрузка...