Yessenov University студенттері туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрлық шешім әзірледі

30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Yessenov University-де ҚР Туризм және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Astana Hub қолдауымен, “Kazakh Tourism” ҰҚ АҚ және “Shazam Media” ЖШС ұйымдастырған 3 күнге созылған «Қазақстанда туризмді тұрақты дамыту және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инновациялар» тақырыбындағы Хакатон өз мәресіне жетті.

Хакатонның негізгі мақсаты – Қазақстандағы, соның ішінде Маңғыстау облысының туризмін дамыту үшін тың идеялар мен жобаларға арналған.

Хакатонда 11 команда, барлығы 77 қатысушы бақ сынады. 

Жобалардың негізгі тапсырмалары су айдындарында және шалғай таулы аудандарда интернетсіз туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету (байланыспен қамтамасыз ету) үшін цифрлық шешім әзірлеу және интерактивті карталарды, көрікті жерлер туралы ақпаратты, қауіпсіздік кеңестерін және көмекке қоңырау шалу мүмкіндігін қамтитын мобильді қосымшаны жасауға байланысты болды.

Қатысушыларға офлайн режимінде жұмыс істейтін туристерге арналған әмбебап супер қосымша ұсыну қажет болды.

Командаларға бонус ретінде жобаның презентациясы қалай жасалуы керек, жобаға қажетті цифрлық инструменттер, код жазу бойынша мастер-класстар өткізілді. Командалар тапсырманы алған соң жұмысқа кірісті. IT-саласында қызмет етіп жүрген мамандар қатысушыларға ментор ретінде 3 күн бойы көмек көрсетті.

Хакатонның 2-ші күні де командалар жоспарлаған жұмыстары бойынша қызу жұмыс жасады. 

Осылайша Хакатонның 3-ші күні 11 команда берілген тапсырма бойынша жобаларын қорғады.

Қазылар алқасының шешімімен ең мықты деп танылған 3 жоба жүлделі ақшалай орындар жеңімпазы атанды.

Оның ішінде 1 орын (1 500 000 тг) – Yessenov University “Techies” командасы, 2 орын (1 000 000 тг) – Yessenov University «Кубиттер» командасы және 3 орын (500 000 тг) – Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы жеңіп, ақшалай жүлделерге ие болды.

Хакатон жеңімпаздарын құттықтаймыз және барлық креативті жастарға өз бастамаларында үлкен жетістіктерге жетуге тілектеспіз!

     

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий