Алматы қаласы: Әбдімәжит Қоңырбайұлы Өтеш атындағы екінші математикалық олимпиаданың үздіктері анықталды

Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау жөне қолдау жөніндегі орталығы 2022 жылы бастау алған Алматы қаласы Білім басқармасы №178 мамандандырылған лицейде «Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстаз, математика пәні мұғалімі Әбдімәжит Қоңырбайұлы Өтеш атындағы ІІ математикалық олимпиада мамандандырылған білім беру ұйымдары арасында өтті.

Олимпиаданың мақсаты: математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, стандартты емес ойлауды дамыту, оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру. Бұл іс-шара жас математиктерге өз қабілеттерін көрсетуге және математика саласында лайықты танылуға тамаша мүмкіндік береді.

Олимпиадаға мамандандырылған білім беру мекемелерінің 10-11 сыныптарынан 43 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 12 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Левин Эдуард №165 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушысы – І дәрежелі диплом, 70 000 теңге ақшалай сертификат; Шарханов Жан № 126 мамандандырылған лицей 10 сынып оқушысы – І дәрежелі диплом, 70 000 теңге ақшалай сертификат.

Сайлау Ерасыл мамандандырылған «Білім-инновация» лицей- интернатының 11 сынып оқушысы – ІІ дәрежелі диплом, 40 000 теңге ақшалай сертификат; Темірлан Боранбай мамандандырылған «Білім-инновация» лицей- интернатының 10 сынып оқушысы – ІІ дәрежелі диплом, 40 000 теңге ақшалай сертификат; Белый Павел №165 мамандандырылған лицейдің 10 сынып оқушысы – ІІ дәрежелі диплом, 40 000 теңге ақшалай сертификат.

Еркен Алимжан мамандандырылған «Білім-инновация» лицей- интернатының 10 сынып оқушысы – ІІ дәрежелі диплом, 40 000 теңге ақшалай сертификат; Купельдиев Алибек №90 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушысы – ІІІ дәрежелі диплом, 20 000 теңге ақшалай сертификат; Орынбасар Ақжол С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 10 сынып оқушысы – ІІІ дәрежелі диплом, 20 000 теңге ақшалай сертификат.

Ахметов Жангир №165 мамандандырылған лицейдің 10 сынып оқушысы – ІІІ дәрежелі диплом, 20 000 теңге ақшалай сертификат; Сарсекеев Амиржан №12 мамандандырылған гимназияның 10 сынып оқушысы – ІІІ дәрежелі диплом, 20 000 теңге ақшалай сертификат; Саламат Әбдірахман №90 мамандандырылған мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы – ІІІ дәрежелі диплом, 20 000 теңге ақшалай сертификат; Шин Тимур №54 мамандандырылған мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы – ІІІ дәрежелі диплом, 20 000 теңге ақшалай сертификат.

«Алматы дарыны» дарынды
балалар мен талантты жастарды
анықтау жөне қолдау жөніндегі орталығы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий