Шығыс Қазақстан облысы: “Мен спортты таңдаймын!” педагогикалық шеберлік байқауы

2023 жылғы 12 желтоқсанда педагогикалық бағыттағы облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан-Американдық еркін университеті Жоғары колледжінің базасында колледждердің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша білім алушылары арасында «Мен спортты таңдаймын!» педагогикалық шеберлік байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – ТжКБ жүйесінің оқу орындарында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бәсекеге қабілетті талантты студенттерді анықтау және көтермелеу. Бес кезеңнен тұратын байқау барысында командалар визиттік картасын ұсынып, сабақтың ҚМЖ әзірлеп, «Көңілді старттар» спорттық эстафетасын өткізді, сондай-ақ флешмобты әзірлеу және өткізу бойынша үй тапсырмасын көрсетті.
 
Бес кезеңнің қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды: І орын – «Абай қырандары» командасы (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі); ІІ орын – «Сила» командасы (Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғары колледжі); ІІІ орын – «Аманжолов» командасы (С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі).

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий