Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ оқытушысы Ташкентте тәжірибесімен бөлісті

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің оқытушысы Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәріс оқыды. Филология факультеті ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы Жанар Рахымғалиева өз саласының білікті маманы.
Ол сондай -ақ, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына «Feedback strategies», «Coursera/Learn Career Skills», «Mastering the IELTS: Unlocking Success in Academic and Professional Endeavors» тақырыптарында шеберлік сағаттарын өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Шақырушы ЖОО тыңдаушылар тарапынан жоғары қызығушылық тапқан осы өзекті тақырыптар алдағы уақытта да үйретілсе деген ниет білдірді.
Өзбекстандағы алдыңғы қатарлы педагогикалық жоғары оқу орны саналатын Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетімен өзара ынтымақтастық жоғары қарқын алып келеді. Қос университет арасындағы академиялық құрам алмасудың жалпы саны биылғы семестрде 13-ке жетіп отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий