“Ұлы дала жастары”: Жүзге жуық ақмолалық оқушы көшбасшылар ауысымына қатысты

“Жас дәурен» балалар сауықтыру лагерінің базасында ағымдағы жылдың 15 – 18 желтоқсан аралығында «Ұлы дала жастары» көшбасшыларының ауысымы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты Еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын білетін, тілін, дінін, әдет ғұрып, салт – санасын қастерлейтін, еңбекқор да, салауатты, адами құндылықтар бойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны өзін- өзі басқарту арқылы қалыптастыру болып табылады. 
Көшбасшыларының ауысымына облыстың әр ауданынан келген 100 – жуық мектептің өзін – өзі басқару көшбасшылары, дебатерлер, мектеп Президенттері, аудандық облыстық олимпиадалардың, конкурстардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары қатысты. Қатысушылар үшін «Думан» педагогикалық жасағы көптеген іс-шаралар дайындады. Ауысым кезінде балалар әртүрлі шеберлік сабақтарға қатысып, өздері үшін жаңа тәжірибе алды.
Загрузка...– Жасақтар таланттар шоуында өздерінің қызықты дағдыларын ұсынды және лагерь шеберханасына барды”, – дейді «Жас Дәурен» балалар сауықтыру лагерінің басшысы Арман Умурзаков. Ауысым дәстүрлі тәлімгерлік концертпен аяқталды, онда тәлімгерлер өз нөмірлерін балаларға арнап орындады.