Түркістан облысы: Сарыағаштықтар үшін жаңа білім ұясы пайдалануға берілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Құркелес ауылдық округіне қарасты Нұрлы жол ауылында орналасқан №50 Б.Омаров атындағы жалпы білім беретін мектебінің жаңа 300 орындық ғимараты пайдалануға берілді. Білім ұясының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Айдарұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы, окуруг әкімі, қоғам белсенділері мен ауыл тұрғындары қатысты. Аудан басшысы құттықтау сөзін жеткізіп, білім ордасының лентасын қиды.
Жаңа оқу ғимаратының ашылуына куә болған ауыл тұрғындарының қуанышында шек болмады. Үш ауысымдық оқу жүйесіне көшу қауіпі болған 1968 жылы ескі бастауыш мектеп ретінде пайдалануға берілген білім ұясында 600-ден астам бала оқиды. Ал екінші блогы 1993 жылы 2 қабатты ғимарат ыңғайластырылған мектеп ретінде пайдалануға беріліп, шағын жинақты орта мектепке айналған еді. Мектептің қосымша ғимараты апатты деп танылған. Мектептің осындай жағдайын ескеріп, облыс әкімі Дархан Сатыбалды облыстық бюджеттен қолдау білдірді.
Жаңа ғимарат оқушылардың дене тәрбиесімен айналысуына арналған спорт зал, асхана, шеберхана, химия, биология, физика, мульти-медия, математика кабинеттерімен жабдықталған. Мектептің ескі корпусы оқу-тәрбие жұмыстарына, оқу үдерісін өз дәрежесінде жүргізуге кері әсерін тигізетін дейді ұстаздар. Кабинет жетіспеушілігінен тіпті дәлізде жүрген кездері болған. “Ол күндер артта қалды” деген мектеп ұжымының мерекелік көңіл-күйі осылайша еселене түсті.
Білім ордасын құрылысын «Ar Kua Group» ЖШС мерзімінде аяқтап, ел игілігіне табыстады. Есігін айқара ашқан жаңа білім ордасында енді 639 оқушы білім көкжиектерін жан-жақты кеңейтіп, тәлім алатын болады. Тағы бір қуантарлық жайт, Сарыағаш ауданында 10 жайлы мектеп салыну жоспарланып, қазіргі күні 4 мектептің құрылысы қарқын алған. 
Айта кетейік, биыл Түркістан облысында жалпы мемлекет есебінен 33 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда осы 33 мектептің 7-уі пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 13 мектеп толықтай тапсырылады. Бұдан бөлек, 6 230 оқушыға шақталған 35 жекеменшік мектеп пайдалануға берілмек.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий