Атырау облысы: Бастауыш сынып оқушыларынан құрылған ұлт-аспаптар ансамблі есептік концерт ұсынды

Ансамбль мүшелерінің ең кішкентайы – 7 жаста, ал, ең үлкені – 9 жаста. Мақат ауданының № 2 бастауыш мектебінің ұлт-аспаптар ансамблі “Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз!” – атты есептік концертін берді.
– 2022 жылы қараша айында облыс әкімдігінің қолдауымен осы ұлттық жобамыз бастау алды. Қажетті аспаптар сатып алынды. Балалардың өнерге талпынысы керемет. Қазір ансамбль құрамында 15 оқушы бар, оқу жылының соңында 30 оқушымен тағы да концерт қоюды жоспарлап отырмыз – дейді № 2 бастауыш мектептің директоры Руслан Баймұқашев.
Оқушылар домбыра, асатаяқ, жетіген, бубен,кахон сияқты аспаптарда халықтық ән-күйлермен қатар, әлем классиктерінің туындыларды да орындап, көпшілік ілтипатына бөленді. Айта-кету керек, бастауыш сынып оқушыларынан құралған ансамбль еліміздегі мектеп қабырғасында құрылған алғашқы өнер ұжымы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий