ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ — ҚҰРМЕТ
2023 жылы дүбірлі додаларда Қызылорда облысының білім саласы республикалық сайыстарда үлкен жетістіктерге жетіп, жеңімпаз және жүлдегер қатарынан көрінді. Атап айтар болсақ республикалық кәсіби және спорттық сайыстарда облыстық іріктеуден жеңімпаз атанған командалар үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Әр аймақтың сарапталған дүлүлдері қатысқан аламанда облыс абыройын асқақтаты.
Сонымен қатар спорттық жарыстарда біздің облыс ұстаздарыда қалыс қалған емес, Тараз қаласында өткізілген Қазақстан мұғалімдерінің IV-спартакиадасының қортындысы бойынша Қызылорда облысының ұстаздары дүбірлі де байрақты бәсекеде жалпы командалық есепте шашасына шаң жұқтырмай І орын иеленіп, жеңімпаз атанды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында VIII Республикалық «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2023» кәсіби шеберлік чемпионатында да әріптестеріміз оңтайлы көрсеткіштер көрсетті.
Сыр елі салтанатын біліммен қатар спортпен паш еткен, рух пен ерліктің, жеңіс пен жасампаздықтың жалауын желбіреткен, бүгінгі жаңа Қазақстанның бақыт байрағын жүрегінде жалаулатқан, ұстаз деген ұлы есімнің абыройын алаулатқан мәртебелі мамандық иелері Сіздерді жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Осы орайда облыс ұстаздарынан құралған команда Қазақстан Мұғалімдерінің республикалық спартакиадасында үздіктер қатарынан жеңістің биік мінберінен 4-ші мәрте көрінгенгенін айта кету қажет.
Облыс ұстаздарына жоғары жетістіктерге жетіп педагогикалық шеберлігін арттыруға, біліктілігі мен білімін қатар дамытуға облыстық білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағы тарапынан үлкен қолдау көрсетіп, сала қызметкерлеріне басқарма мен кәсіподақ комитетінің бірлескен Құрмет грамотасы және «IV Республикалық мұғалімдер спартакидасының қатысушыларына Бурабайда орналасқан «Жұмбақтас», «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2023» жетекшілеріне Алматы қаласында орналасқан «AL- FARABI» шипажайларына жолдама табысталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын. Еңбектеріңіз жана берсін. Еліміз аман болып, чемпиондарымыз көбейе берсін!
Загрузка...