Еліміздің 100 педагогі салтанатты түрде марапатталды

Астанада «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» бейнесабақтар мен бейнедәрістер республикалық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Оған 1000-нан аса педагог қатысып, 100-і ақшалай сыйақыға ие болды.

«Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» республикалық байқауы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2018 жылдан бастап өткізіліп келеді. Конкурстың мақсаты – мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдары қызметкерлерінің пәндік сауаттылықты дамыту саласындағы заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану жөніндегі озық педагогикалық идея-
ларын ұсыну және тарату.

Байқау өңірлік және республикалық кезеңнен тұрды. Биыл бірінші кезеңге қатысу үшін педагогтер өз идеяларын бейнероликтер: сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, шебер-сынып, цифрлық білім беру ресурсы немесе бейнеподкаст түрінде рәсімдеді. Жұмысты жалғыз немесе командада дайындайтын мүмкіндік болды.

Алғаш рет бейнесюжеттер пәндер немесе әдістемелер бойынша емес, функционалдық сауаттылық түрлері бойынша жасалды. Барлығы 12: ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу), оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы, цифрлық сауаттылық, медиа-ақпараттық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық, денсаулық сақтау сауаттылығы (медициналық сауаттылық), әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық, мәдениетаралық сауаттылық және азаматтық-құқықтық сауаттылық.

Қатысушылардың бейнематериалдарын Өңірлік сарапшылық кеңестің мүшелері 7 критерий: өзектілік, дәлелділік, пәнаралық интеграция, әдістемелік құндылық, инновациялылық, сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлік және аудио/бейнероликтің көрсетілім сапасы бойынша бағалады. Конкурстың әр бағыты бойынша қазылар алқасы республикалық кезеңге өткен және YouTube-тегі «Өрлеу» білім беру арнасында орналастырылған 172 үздік конкурстық жұмысты іріктеп алды. Республикалық кезеңде бұл бейнежұмыстар Республикалық сарапшылық кеңестің сараптамасынан өтті. Оның құрамына «Өрлеу» өкілдері мен функционалдық сауаттылық түрлері бойынша сырттай сарапшылар кірді. Конкурстық жұмыстарды бағалау рәсімі ашық болды.

Сонымен, 92 педагог 1, 2, 3-дәрежелі дипломдар мен сомасы 150 мың (1-орын), 100 мың (2-орын) және 80 мың теңге (3-орын) ақшалай сертификаттардың иегері атанды. Олардың 4-еуі YouTube-те ең көп қаралған бейнематериалдардың авторлары. «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен танысыңыз!

«Ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу)» бағыты бойынша 1-орын Қостанай облысы, Рудный қаласындағы №10 бөбекжайының үш тәрбиешісінен: Бойко Светлана Владимировна, Федина Светлана Владимировна және Лубинская Наталья Васильевнадан құрылған авторлық топқа берілді.

«Ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу)» бағыты бойынша 2-орынды Петропавл қаласындағы «Айгөлек» бөбекжайының шығармашылық триосы (әдіскер Сарсекеева Галия Сапаровна, меңгеруші Жумагулова Ляззат Малгельдиновна және мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Булкаирова Толкын Зейкеновна) және Өскемен қаласының №12 балабақшасының тәрбиешісі Березина Надежда Николаевна бөлісті.

«Ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу)» бағыты бойынша 3-орынды Астана қаласының №46 балабақша-мектеп-гимназиясының тәрбиешісі Иванова Елена Ивановна, Ақмола облысы, Ерейментау қаласының «Болашақ» балабақшасының тәрбиешісі Утепова Жанара Маратовна, Жетісу облысы, Талдықорған қаласының №7 бөбекжайының тәрбиешісі Жарқын Анар иеленді.

«Оқу сауаттылығы» бағыты бойынша I дәрежелі дипломның иегері Астана қаласының М.Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махмутова Гулсая Ренуарбекқызы атанды.

«Оқу сауаттылығы» бағыты бойынша ІI дәрежелі дипломдар педагогикалық дуэт Қостанай облысы, Федоров ауданының Воронеж жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кащеева Светлана Васильевнаға және Қостанай облысы, Федоров ауданының Воронеж жалпы білім беретін мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі Кащеев Евгений Владимировичке берілді. Сонымен қатар 2-орын Атырау қаласы Туберкулез ауруының шамалы және бәсеңдеген түрімен ауыратын балаларға арналған №4 облыстық арнаулы шипажайлы мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейталиева Гульжан Галимжановнаға берілді.

«Оқу сауаттылығы» бағыты бойынша ІІI дәрежелі дипломмен Орал қаласының эстетикалық бағыттағы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Сагиева Гульайм Айткалиевна, Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі Елубаева Жулдыз Абдировна және Қарағанды қаласындағы Н.Нурмаков атындағы арнаулы мектеп-интернаттың тарих пәнінің үш мұғалімі Тапенова Айнур Сагатовна, Тарыбаева Асем Кайраткызы және Тұтқыш Айдана Жаңбырбайқызы марапатталды.

«Математикалық сауаттылық» бағыты бойынша 1-орынды Астана қаласының Қ.Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL-дың математика пәнінің мұғалімі Нурлыбаев Аян Сержанович иеленді.

«Математикалық сауаттылық» бағыты бойынша 2-орын Қостанай облысы, Рудный қаласының №2 гимназияның математика пәнінің мұғалімі Машира Марина Сергеевна мен Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Мұстафа Ақмарал Махмұтқызының жұмыстарына берілді.

«Математикалық сауаттылық» бағыты бойынша 3-орын 5 педагогке:

  1. Павлодар облысы, Павлодар ауданының Чернояр орта білім беретін мектебінің екі педагогі: математика пәнінің мұғалімі Кошкарбаева Марина Серикпаевна мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Токарь Светлана Сергеевнаның бірлескен жобасына;
  2. Орал қаласындағы Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Кинешов Айбек Салыкович пен математика пәнінің мұғалімі Аскарова Аружан Женисовнаның шебер-сыныбына;
  3. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Ш.Ермағанбетов атындағы №246 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серікқызы Құралайдың бейнесабағына берілді.

«Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен Ақтөбе облысы, Темір ауданының №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Нұрмағанбетова Элеонора Маратқызы марапатталды.

«Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломдар Тараз қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі Сарыбаев Максат Махмутұлына және Ақтау қаласының №30 орта мектебінің биология мұғалімі Турганалиева Айнагүлге табыс етілді.

«Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен 4 педагог:

  1. Түркістан облысы, Төлеби ауданының Зертас ауылының К.Мамытов атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Баймаханова Нурилла Баймаханкызы;
  2. Астана қаласының Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің педагогтері: тарих және құқық пәнінің мұғалімі Ибраева Жанна Ерназаровна мен биология пәнінің мұғалімі Хабибулина Жанна Ерназаровна;
  3. Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданының Озеро орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Шаймерденова Марьям Адрбаевна марапатталды.

«Цифрлық сауаттылық» бағыты бойынша 1-орын Қарағанды облысы, Сарань қаласының №1 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ревтова Ольга Николаевнаға берілді.

«Цифрлық сауаттылық» бағыты бойынша 2-орын Астана қаласының BINOM мектеп-лицейінің
2 педагогінен: математика пәні-нің мұғалімі Уразбаева Гулсим Хабитовна мен информатика пәнінің мұғалімі Өтеміс Мәдина Бегімбетқызынан құрылған авторлық топқа берілді.

«Цифрлық сауаттылық» бағыты бойынша 3-орынға төрт педагог:

  1. Алматы облысы, Талғар қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы №37 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Джабаева Айнур Тынышбековна;
  2. Петропавл қаласының №5 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Мельникова Юлия Юрьевна мен Шайхина Айнур Акылбаевна;
  3. Қостанай қаласының №2 мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Кныш Виктория Викторовна ие болды.

«Медиа-ақпараттық сауаттылық» бағыты бойынша 1-орынды Павлодар қаласының А.Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімдері Смурыгин Антон Михайлович пен Антонова Алёна Аркадьевна дайындаған бейнеподкаст иеленді.

«Медиа-ақпараттық сауаттылық» бағыты бойынша 2-орынға:

  1. Жамбыл облысы, Байзақ ауданының Сарыкемер ауылының Ғани Мұратбаев атындағы гимназияның биология мен география пәндерінің мұғалімі Кравчук Евгений Анатольевич;
  2. Петропавл қаласының «Дарын» мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кулмаканова Марьяш Капаровна ие болды.

«Медиа-ақпараттық сауаттылық» бағыты бойынша 3-орын жүлдегерлері:

  1. Жетісу облысы, Сарқанд ауданының Сарқанд қаласы Абай атындағы мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Максименко Наталья Сергеевна;
  2. Орал қаласының №41 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуанышкалиева Гүлдария Ермековна мен биология пәнінің мұғалімі Боранбайқызы Назерке;
  3. Маңғыстау облысы, Жаңа­өзен қаласының С.Бегендікұлы атындағы №4 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бекболатова Рыскүл Бекболатқызы атанды.

«Қаржылық сауаттылық» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен Ақтөбе облысы, Темір ауданының №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Умбетова Алтын Сергеевна марапатталды.

«Қаржылық сауаттылық» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломмен 6 педагог:

  1. Петропавл қаласының №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Глущенко Елена Владимировна, Зольникова Ольга Геннадьевна мен Полетаева Влада Валерьевна;
  2. Қостанай қаласының Қостанай құрылыс колледжінің арнау-лы пәндер оқытушылары Тернова Ольга Валерьевна мен Мухамедрахимов Есильбай Барлыбаевич және әдістемелік кабинет меңгерушісі, оқытушы Шаханова Марияш Орманбековна марапатталды.

«Қаржылық сауаттылық» бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен 4 педагог:

  1. Шымкент қаласының Parasat AJ mektebi-нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Примкулова Айгерим Ережеповна;
  2. Абай облысы, Семей қаласының экономикалық лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Омарова Жумабике Кабдуллаевна мен Мукушева Гульнар Мухтаровна;
  3. Қызылорда қаласының Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі Шайхсламова Сауле Курманбековна марапатталды.

«Экологиялық сауаттылық» бағыты бойынша 1-орынға Қостанай облысы, Жітіқара ауданының №12 жалпы білім беретін мектебінің авторлық тобы: биология және химия пәндерінің мұғалімі Якимчук Елена Анатольевна мен көркем еңбек пәнінің мұғалімі Фадеева Светлана Анатольевна ие болды.

«Экологиялық сауаттылық» бағыты бойынша 2-орынды:

  1. Ақтау қаласының IT мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Қызылғұлова Әйгерім Нұртайқызы;
  2. Ақмола облысы, Степногор қаласының Л.Н. Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Лихачева Татьяна Сергеевна иеленді.

«Экологиялық сауаттылық» бағыты бойынша 3-орынды үш педагог:

  1. Өскемен қаласының «Ақниет» мектеп-интернатының қосымша білім беру педагогі Амирова Майнур Багдатовна;
  2. Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының Заградов орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Лось Алена Сергеевна;
  3. Ақтөбе қаласының Ақбөбек халықаралық мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Хасенова Салтанат Нурлановна иеленді.

«Денсаулық сақтау сауаттылығы (медициналық сауаттылық)» бағыты бойынша 1-орынға Петропавл қаласының ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі Степанова Ольга Николаевна ие болды.

«Денсаулық сақтау сауаттылығы (медициналық сауаттылық)» бағыты бойынша 2-орынды:

  1. Жамбыл облысы, Меркі ауданының Сарымолдаев ауылының Асанбай Аскаров атындағы мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Есмаханбетова Асель Омирзаковна;
  2. Қостанай облысы, Рудный қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің биология пәнінің мұғалімі Абдрахметова Гулжазира Абилкасымовна мен химия пәні-нің мұғалімі Асылбекова Асель Камзаевна иеленді.

«Денсаулық сақтау сауаттылығы (медициналық сауаттылық)» бағыты бойынша 3-орынды бес педагог:

  1. Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп-гимназияның алғашқы әскери және технология-лық дайындық пәнінің мұғалімі Суиндиков Даурен Ерланович;
  2. Түркістан облысы, Кентау қаласының Б.Момышұлы атындағы №12 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Косжанова Меруерт Муслумхановна;
  3. Астана қаласының Қаныш Сәтбаев атындағы Binom School мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Абикенова Дана Алтаевна, биология пәнінің мұғалімдері Наширова Арайлым Тағайқызы мен Асылбекова Динара Абаевна иеленді.

«Әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық» бағыты бойынша 1-орынға Астана қаласының М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогі Зубкова Анна Петровна ие болды.

«Әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық» бағыты бойынша 2-орынға:

  1. Тараз қаласының Балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогі Төлеуқұл Мадина Дәулетқызы;
  2. Петропавл қаласының Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гаврилова Алла Владимировна ие болды.

«Әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық» бағыты бойынша 3-орынға:

  1. Атырау облысы, Құрманғазы ауданының Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің дефектологы Қанатова Арайлым Русланқызы;
  2. Алматы облысы, Қонаев қаласының Ахмет Жұбанов атындағы №5 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Тигай Виктор Илларионович;
  3. Шымкент қаласының Parasat AJ mektebi-нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сенгербекова Балжан Амангельдықызы ие болды.

«Мәдениетаралық сауаттылық» бағыты бойынша 1-орын Петропавл қаласының №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры Жалмуканова Лаззат Жумагуловнаға берілді.

«Мәдениетаралық сауаттылық» бағыты бойынша 2-орынға:

  1. Алматы облысы, Іле ауданының Өтеген Батыр ауылының №38 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Оразалиев Рустам Тлеужанұлы;
  2. Ақтөбе қаласының №51 гимназиясының тарих пәнінің мұғалімдері Хайруллина Индира Закариевна мен Тагибергенова Гулстан Сабыржановна ие болды.

«Мәдениетаралық сауаттылық» бағыты бойынша 3-орынға төрт педагог:

  1. Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданының №2 мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нияр Гаухар Әлібекқызы;
  2. Қостанай облысы, Рудный қаласының №21 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімдері Гостищева Ирина Олеговна мен Кириченко Вера Юрьевна;
  3. Астана қаласының №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каржикова Дария Саметовна ие болды.

«Азаматтық-құқықтық сауаттылық» бағыты бойынша 1-орын Алматы облысы, Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омирсерикова Айна Сериковнаға берілді.

«Азаматтық-құқықтық сауаттылық» бағыты бойынша 2-орын Өскемен қаласының №16 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Закиева Арайлы Бакытовнаға берілді.

«Азаматтық-құқықтық сауаттылық» бағыты бойынша 3-орынға екі педагог:

  1. Ақмола облысы, Степногор қаласының №8 мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Кулагина Ирина Николаевна;
  2. Петропавл қаласының Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Коспанов Дархан Курманович ие болды.

Әр бағыт бойынша YouTube-те ең көп қаралған бейнематериал үшін мадақтау сертификаты мен сомасы 50 мың теңге ақшалай сертификаттарды келесі педагогтер алды.

«Ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу)» бағыты бойынша Атырау қаласының №43 «Арман» бөбекжайының музыкалық жетекшісі Шарипова Ажар Туребековнаның бейне-жұмысы 1312 қаралым жинады.

«Оқу сауаттылығы» бағыты бойынша Астана қаласының М.Шоқай атындағы №51 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махмутова Гүлсая Ренуарбекқызының конкурстық жұмысы 2069 қаралым жинады.

«Математикалық сауаттылық» бағыты бойынша Астана қаласының Қаныш Сәтбаев атындағы Binom SCHOOL мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нұрлыбаев Аян Сержанұлының бейнежұмысы 2628 қаралым жинады.

«Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» бағыты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылдық округінің Жамбыл ауылының биология пәнінің мұғалімі Абдрахманова Айгуль Оспановнаның бейнематериалы ең көп (2469) қаралым жинады.

«Цифрлық сауаттылық» бағыты бойынша Ақтөбе қаласының №69 мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Жумабаева Умит Жолымбетовнаның бейнежұмы-сы 4000 қаралым жинады.

«Медиа-ақпараттық сауаттылық» бағыты бойынша Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы Сүгір Бегендікұлы атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бекболатова Рыскүл Бекболатқызы жұмысының 2456 рет қаралғаны үшін ынталандыру сертификатымен марапатталды.

«Қаржылық сауаттылық» бағыты бойынша Қызылорда қаласының №39 «Қызылөзек» мектебінің технология пәнінің мұғалімі Шайхсламова Сауле Курманбековнаның бейнежұмысы 2211 қаралым жинады.

«Экологиялық сауаттылық» бағыты бойынша Қызылорда қаласының №39 «Қызылөзек» мектебінің технология пәнінің мұғалімі Сапаржанова Жазира Айдарбековнаның бейнежұмысы 2003 қаралым жинады.

«Денсаулық сақтау сауаттылығы (медициналық сауаттылық)» бағыты бойынша Өскемен қаласының Мұхтар Әуезов атындағы №17 орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі Исраилов Руслан Джабраиловичтің бейнежұмысы 7122 қаралым жинады.

«Әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық» бағыты бойынша Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының «Атамекен» мектебінің педагог-психологтері Абитова Камшат, Жаркынай Калменова мен Нагима Коспанованың бірлескен жобасы 5217 қаралым жинады.

«Мәдениетаралық сауаттылық» бағыты бойынша Ақтау қаласының №13 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Сейниханова Айжан Салимовнаның бейнежұмысы 4783 қаралым жинады.

«Азаматтық-құқықтық сауаттылық» бағыты бойынша Түркістан облысы, Шардара ауданының Төлеген Айбергенов атындағы мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Мусалиева Райгуль Киясовнаның бейнеролигі 3128 қаралым жинады.

 

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий