ARMAN Kids-пен бірге дамимыз: Бірінші сынып оқушыларына арналған ойын түріндегі сабақтар

Жаңа оқу жылы басталған кезде, балалардың білімге деген құштарлығын қалай оятуға болады деген сұрақ туындайды. Теориялық мәліметтер мен қатар практиканыда қоса үйрететін білім беру жобаларының арқасында, сабақ оқу қызықты, әрі көңілді болады. Соның бірі, Мектеп Online жобасының тағы бір бөлігі, балаларға әр тақырыпты қызықты ойын ретінде түсіндіретін ARMAN Kids арнасы.

Бұл жобаның басты артықшылығы – ойын түрінде оқыту. Әрине, кішкентайлар үшін енді оқу қиын емес, керісінше мультихикая көргендей сезімде болады. Мұның барлығы, заманауи технологияларды пайдалану арқылы әр тақырыпты ерекше етіп түсіретін біздің түсірілім тобының арқасында.

Сабақтың көрнекі компоненттерін ерекше атап өту керек. Оқу материалдары ойыншықтар, қуыршақтар, жарқын инфографика арқылы ұсынылған, тақырыптар керемет, мейірімді мұғалімдермен баяндалады. Бұл элементтер оқу процесін қызықты әрі тартымды етеді. Ойыншықтар мен қуыршақтар әртүрлі сценарийлерді көрсету үшін қолданылады және күрделі ұғымдарды түсіндіруде сенімді көмекші болып табылады.

Бұл жобаны жасау барысында біздің ұйымдастырушы топ, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, даму кезеңдерін ескерді. Шынында да, 6,5 жасқа дейін балақай оқудан көрі ойынға қатты қызығады  және 7,5 жаста оқуға деген қызығушылық басым бола бастайды. Сол кезде балаға асықпай барлығын үйреткен дұрыс.

Сонымен қатар, білім беру жобасы тілге ерекше назар аударады. Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде болғандықтан материалдарды әр бала ана тілінде оқуға мүмкіндік алады.

Бұл жобаның маңызды артықшылығы – оның бай мазмұны. Арнада қазірдің өзінде 250-ден астам бейне сабақтар бар және олардың әрқайсысы 10-15 минуттан аспайды. Бұл баланы шамадан тыс жүктемеуге мүмкіндік береді және материалдың оңтайлы сіңуін қамтамасыз етеді.

Бір қызығы, жоғары сынып оқушылары – “Мектеп Оnline” арнасын бұрыннан қолданып келеді және оқуда айқын прогреске ие. Бастауыш сынып оқушылары үшін бұл нағыз мотивация болары анық.

Біз қуыршақтар мен шыны тақтаны қолдана отырып, көрнекі компонентті жарықтандыратын сабақтардың түсі мен интерактивтілігін атап өткіміз келеді. Бұл жоба оқудың қызықты болуы мүмкін екенін дәлелдейді және ойыншықтармен ойын формасы арқылы ақпарат беру материалды қабылдауды жақсартуға көмектеседі. Іш пыстыратын сабақтардың орнына балалар жарқын сурет пен қызықты сюжеттерді тамашалай алады, бұл олардың назарын аударады және қызығушылықпен оқуға мүмкіндік береді. ARMAN Kids сияқты жобаны қолдаған  “Samruk Kazyna Trust” қоры. Себебі, Мектеп Online жобасы секілді олар да әр баланың сапалы білім алғанын қалайды.

Сілтемелер: https://www.youtube.com/@arman_kids_kz

https://www.youtube.com/@arman_kids

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий