«МЕКТЕП OnLine»: қысқа сабақтар, үздіксіз білім
Білімнің жаңғағы қатты, бірақ бәрібір
біз шегінбейміз!
Бізге барлығын білуге көмектесетін
“Мен бәрін білгім келеді!» киножурналы
Тек мен ғана емес, әр советтік кездегі мектеп оқушысы осы төрт жол тақпақпен мультипликациялық көріністі және көк жұмыс комбинезонында, пионер галстугын таққан бала дәл осы «білім жаңғағын» жарып отырғанын білетініне сенімдімін. 1957 жылдан бастап жылына 6 рет шығатын 10 минуттық киножурналдың өзі әрдайым қызықты және ең қиын сұрақтарға толық жауап беретін.
Содан бері көп нәрсе өзгерді. Қағаз кітаптардың орнына (бірақ олар толықтай ауыспады) электронды құралдар, жаңалықтарды газеттен, радио және теледидардан емес интернеттен білеміз. Бейне өнімдер бейне хостинг пен ағындық қызметтерге ауысуда. Міне сол жерге оқушыларға білімдерін жақсартуға көмектесетін білім арналары да ауысып жатыр.
«МЕКТЕП OnLine» дәл сондай. Бұл арна оқушылар мен ата-аналарға тек мектеп бағдарламасын түсіндіретін көмекші емес, сонымен бірге, дамимын, өсемін деген әр балаға көмекші. Себебі, бастапқыда барлығы қиын секілді көрінеді. Ал, бәрін түсініп, зерттей бастағанда қызығушылық оянып, әлемді терең зерттегің келетін болады. Ғылымды түсіне бастасаң, өзіңе не керек екенін, болашақта қандай жолмен жүруді қалайтыныңды түсінесің!
Негізі мұның бәрі-білім адамдардың бір–бірімен бөлісе алатын ең керемет нәрсесі екенін түсінген бір топ адамдардың бірігуімен жасалған. «МЕКТЕП OnLine» – 1–сыныптан 11–сынып оқушыларына арналған инновациялық білім беру платформасы. Сонымен қатар, mektep-online.kz сайтында 4 мыңнан астам кіші, орта және үлкен сыныптарға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі бейне сабақтар салынған және YouTube-арнасында математика, геометрия, физика, химия, биология и география пәндерінен және 1-4 сыныпқа арналған ARMAN kids ойын – сауық білім беру арнасы құрылды.
«МЕКТЕП OnLine» жобасы үш жылдың ішінде түлектердің сенімді серігіне айналып, ең маңызды кезеңдердің бірі – Ұлттық Бірыңғай тест тапсыруға көмекші болды.
Мысалы, 11-сынып оқушыларының бірі былай дейді: “Барлық түлектерді алда ҰБТ күтіп тұр. Мен бұл сынаққа соңғы екі жылда қатты дайындалдым, бірақ сонда да уайымдаймын. «MEKTEП OnLine» жобасының арқасында мен өткен жылдардағы кез-келген тақырыпқа оралып, бірнеше минут ішінде барлық материалды еске түсіре аламын. Әсіресе геометрия, физика, химия сияқты күрделі пәндерді қайталағанда өте маңызды. Иә, уайым әлі де бар, бірақ мен өз біліміме сенімдімін”.
Қысқаша айтқанда, “МЕКТЕП OnLine” жобасы тек ҰБТ-ға дайындық үшін арнайы әзірленген сабақтарды ғана емес, сонымен қатар оқушыларға білімдерін жақсартуға көмектеседі. Платформаның негізгі ерекшеліктерінің бірі-күрделі ұғымдар мен заттарды түсінікті және қысқа түрде талдайтын қысқаша бейне сабақтар.
Талғар лицейінің оқушысы Ясмина мұны растайды: “«MEKTEП OnLine» жобасының болғаны қандай керемет. Мен түлектерге арналған бейне сабақтардың бүкіл курсын тыңдадым. Осы сабақтардың арқасында маған оқу оңай болды. Мен қазір бәрін түсінемін, өз қабілеттеріме, біліміме сенімдімін.Алдағы тестілеуден қорқуды қойдым. Бірақ бұдан бөлек ең кереметі не екенін білесіз бе? Мен материалды қайталауға және ҰБТ-ға дайындалуға күніне тек бір сағат жұмсаймын. “«MEKTEП OnLine» сабақтарының ұзақтығы орта есеппен 15 минуттан аспайды және бұл уақыт маған мұғалімді түсінуге толықтай жетеді. Ал қалған жарты сағатты мен түсінген тақырыпты бекітуге арнаймын”.
Сонымен қатар, “МЕКТЕП OnLine” жобасы белгілі бір пәндерді игеруде қиындықтарға тап болған және үлгерімі төмендеген оқушыларға да көмегін тигізеді.
Төмендегі жазба оқушының біздің жоба арқылы қиындықтарды қалай жеңгені туралы: “Мен кейбір пәндер бойынша үлгерімім төмендеді: геометрия,химия пәндерінен бағаларым онша жақсы болмады. Ата-анам бұл туралы қатты алаңдады. Өйткені келесі жылы мектеп бітіремін, ҰБТ, содан кейін университетке түсу. Бірақ “МЕКТЕП OnLine” сабақтарын алты ай бойы көріп, мен өз білімімді айтарлықтай арттырдым. Әсіресе химия пәні қатты көмектесті. 9-сыныптаға бірнеше тақырыпты қайталау жеткілікті екен. Себебі, содан кейін мен тапсырмаларды оңай шеше бастадым. Химия мен геометрия бойынша ғана емес, басқа пәндер бойынша да бағаларымды түзете алдым”.
“МЕКТЕП OnLine” жобасының танымалдылығын статистика да растайды: 70 млн-нан астам көрермен тек Қазақстаннан ғана емес, басқа мемлекеттерде біздің бейне сабақтарды қарайды, ал жазылушылардың жалпы саны 800 мың-ға жақындады. Таңқаларлық сандар!
“Samruk Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауының арқасында жоба барлық бала сапалы білім алу үшін және 24/7 тегін онлайн-репетиторды ұсыну жөніндегі әлеуметтік маңызды міндетті шешеді.
ҰБТ-ға дайындалу үшін және одан әрі оқуда сенімді көмекші іздейтіндер осы білім беру арнасының бір бөлігі болу үшін “МЕКТЕП OnLine” аудиториясына қосылып, бейне сабақтар арқылы оқытудың қаншалықты тиімді және қызықты болатынына көз жеткізуі керек.
Ал оқушылар мен олардың ата аналарына келесі пәндер бойынша бейне сабақтарға сілтемелер ұсынамыз:
- математика: https://youtube.com/@mektep_online_matematika;
- геометрия: https://youtube.com/@mektep_online_geometriya;
- физика: https://youtube.com/@mektep_online_fizika;
- химия: https://youtube.com/@mektep_online_himiya;
- биология: https://youtube.com/@mektep_online_biologiya;
- география: https://youtube.com/@mektep_online_geografiya_kz және https://youtube.com/@mektep_online_geografiya;
- ARMAN Kids: https://youtube.com/@arman_kids_kz және https://youtube.com/@arman_kids.
