Yessenov University Теңіз академиясының студенттері қос дипломды бағдарлама бойынша білім алуда

Есенов университеті мен Әзірбайжан мемлекеттік теңіз академиясының (ӘМТА) ынтымақтастығы 2021 жылы басталды. Осы уақыт ішінде Yessenov University және Әзербайжан мемлекеттік теңіз академиясының студенттері үшін «Кеме жүргізу» және «Кеме энергетикалық қондырғыларын пайдалану» бағыты бойынша қос дипломды бағдарламалар іске асырылды.

Қос дипломды бағдарлама шартының талаптары бойынша білім алушымен алмасу мамандықты оқытудың 1 курсын аяқтағаннан кейін жүзеге асырылады, 2, 3, 4 курстар Әзірбайжан мемлекеттік теңіз академиясында оқиды, дипломды қорғайды, содан кейін Yessenov University Теңіз академиясында бір жыл оқуын аяқтап, ӘМТА-дағы тақырыптар бойынша жұмысын (жобасын) қайта қорғайды.

Бағдарламалар басқа ЖОО-да қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша бағдарламаны қатар игере отырып, ЖОО-лардың бірінде орыс тілінде іске асырылады. Оқу процесі Yessenov University және Әзірбайжан мемлекеттік теңіз академиясының Ішкі регламенттеуші құжаттарына сәйкес Болон декларациясының талаптары шеңберінде өзара танумен келісілген оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Қос дипломды бағдарлама бойынша оқып жатқан студенттер конвенциялық кемелерде жүзу практикасында артықшылыққа ие және конвенциялық курстар бойынша толық сертификатталған.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий