Жетісу облысы: Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық білім бәйгесінде Тұрарбек Нұрасыл күміс медальды олжалады

2024 жылғы 14-18 қаңтар аралығында Астана қаласында жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша тұңғыш рет ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада ұйымдастырылған болатын.

Осы білім бәйгесіне қатысып, бақ сынаған Жетісу облысының Алакөл ауданына қарасты Жыланды ауылының оқушысы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада жүлделі орын иеленді. “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен өткізілген еді бұл тұңғыш республикалық олимпиада.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада информатика пәні бойынша “Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты” КММ-нің 11 сынып оқушысы Тұрарбек Нұрасыл екінші қатардан көрініп, күміс медальмен марапатталды.

Және топжарған үздікке М.Әуезов атындағы университеттің гранты табысталды. Дарынды шәкірттің жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Актымбаев Азат Жораулын да жемісті жетістікке жетулерімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Эльмира Жанатовна РАПИЛОВА,
Дарынды балаларға арналған Жыланды
мамандандырылған лицей-интернатының
директоры, Жетісу облысы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий