Кәсіподақ: жаңа буынға сенім

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Раушан Серікова аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенді жастар өкілдермен кездесті.

Онлайн форматтағы кездесуде кәсіподақ төрағасы «Жаңа Қазақстан – Жаңа кәсіподақ» тұжырымдамасының кәсіподақ қызметін реформалау мен жаңғырту шеңберінде жастармен жұмысты жүйелі және белсенді жүргізуге баса назар аударылғанын атап өтті.

Сондай-ақ, жас мамандарға кәсіподақ ұйымының мақсаты мен міндеті түсіндіріліп, алдағы атқарылатын жұмыстар жөнінде айтылды. Басқосу  еңбек жастарын қолдау бағытындағы жобаларды талқылап, креативті идеяларды ортаға салған тиімді диалог алаңына айналды.

Жастардың еңбек нарығындағы бәсекелестігін арттыру, жастардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы да ой-пікірлер қозғалды. Кездесу соңында кәсіподақ төрағасы жас кәсіподақ мүшелеріне жауапкершілігі мол қызметтеріне сəттілік тіледі.

«Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий