Халықаралық тәжірибе – кәсіби өсу сатысы
Алматы құрылыс-техникалық колледжінің базасында педагогтердің халықаралық тағылымдамасының нәтижелері бойынша ақпарат алмасу, оқу процесіне халықаралық тәжірибені енгізу, одан әрі бағытты айқындау мақсатында “Халықаралық тәжірибе – кәсіби өсу сатысы” тақырыбында қалалық семинар өтті.
2023 жылы колледж педагогтері Алматы қаласы әкімдігінің белсенді қолдауымен “Дәнекерлеу ісі” бағыты бойынша Еуропаның бас қалаларында тағылымдамадан өтті. Өндірістік оқыту шеберлері Злобин Сергей Борисович, Шатенов Данияр Берікболұлы, Уразалиев Алмаз Тубаниязович және арнайы пәндер оқытушысы Оспанова Назым Уәлиханқызы үш апта бойы Латвия, Эстония, Финляндия оқу орталықтары мен өндірістерінде білім алды.
Семинардың алғы сөзінде колледж директоры Ахметов Бектұрған Сұлтанғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, педагогтеріміздің алған тәжірибесі мен білімін оқу үдерісіне енгізіледі деген үмітін білдірді. Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жетекшісі – Сүлейменова Гүлнар Жәлелқызы семинарға жиналғандардың барлығын жылы лебізбен қарсы алып, кәсіптік білім беру саласында табысқа жететінімізге сенім білдірді.
Спикерлер тағылымдама туралы ақпаратты ұсынып, халықаралық тәжірибені енгізу жоспарларымен таныстырды. Тағылымдама бағдарламасы бойынша педагогтар ақпараттық технологияларды жаппай енгізуге, бизнес-процестерді ауқымды автоматтандыруға және жасанды интеллектті таратуға негізделген өндіріске жаңа көзқарас үшін практикалық дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру, бекіту және жетілдіру үшін жеткілікті практикалық сабақтардан өтті.
Жасанды интеллект, виртуалды шындық – бұл соңғы әдістер дәнекерлеу технологиясы саласындағы біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналады, қолмен доғалы дәнекерлеу, аргон доғасы және лазерлік дәнекерлеу машиналарында жұмыс істеу әдістерін игеру, бұл орындалатын жұмыстардың жоғары сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Fronius виртуалды машинасында оқыту алдын-ала дайындықсыз, нақты дәнекерлеу жағдайына жақын жағдайда бастапқы дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Оқыту нәтижелері білім алушының әлеуетті мүмкіндіктерін түсінуге және объективті бағалауға мүмкіндік береді. Дәнекерлеу зертханасы ESAB жабдықтарының ең ірі жеткізушісінің құралдарымен қамтылған.
Біліктілікті арттыру курстары Еуропалық одақта және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдерде танылатын стандарттарға сәйкес келеді. Сонымен қатар, халықаралық тағылымдамадан өткенін растайтын сертификаттар алды. Семинарды аяқтау барысында келген қатысушылар Алматы құрылыс-техникалық колледжінің ұжымына өз алғыстарын білдірді.
Бектурган Султангалиевич АХМЕТОВ,
Алматы құрылыс-техникалық колледжінің директоры









