КОМПОЗИТОР-БОЛАШАҚТЫҚ РАХАТ-БИ ӘБДІСАҒИННІҢ«THE BRUCE» ОПЕРАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ПРЕМЬЕРАСЫ
Тарихта тұңғыш рет қазақстандық композитордың операсы Ұлыбританияның төрт қаласында орындалады.
2024 жылдың 17 ақпанында Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, композитор-пианист Рахат-Би Әбдісагиннің «Брюс» операсының әлемдік премьерасы өтеді. Опера Шотландия королі Роберт I Брюс туралы баяндайды. Опера өткен мен болашақ арасындағы музыкалық көпірге айналады және шотландиялық ұлы монархтардың бірі, тәуелсіздік үшін күрескер тұлғасын ашады.
Либретто Джон Барбурдың 1375 жылы жазылған ортағасырлық «Брюс» поэмасына негізделген және Рахат бидің Шотландия Корольдік консерваториясы мен Сент-Эндрюс университетіндегі докторлық зерттеулерінің негізгі бөлігін құрайды.
Шығарма соборлық опера, собордың акустикалық залында орындауға арналған жаңа жанр.
Рахат-Би Әбдісағин – қазақстандық композитор және пианист, өнертану ғылымдарының магистрі, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. БАҚ-та «қазақ Моцарты» деп жиі айтылады. 2022 жылы «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды және қазіргі уақытта Royal Conservatoire of Scotland-да «Музыка» мамандығы бойынша докторлық зерттеу жүргізуде.
Премьера күндері, өтетін орны туралы қосымша ақпарат сілтеме бойынша: https://bolashak.gov.kz/kz/allnews/kompozitor-bolashaty-rahat-bi-bdisainni-bruce-operasyny-lemdik-premerasy