Mangystau FIRST Championship: Аймақтық іріктеу чемпионаты

Осы аптаның басында робототехникадан «Mangystau FIRST Championship» аймақтық іріктеу чемпионаты Ақтау қаласындағы «Tanym» жекеменшік мектеп базасында өтті. Чемпионатқа облыстық білім басқармасына қарасты аудандық, қалалық білім беру ұйымдары және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 38 команда, 200-ге жуық оқушы қатысты.

Чемпионат FLL Explore, FLL Challenge және FLL Discover санаттары бойынша ұйымдастырылды. Бұл бағдарламада 6 мен 16 жас аралығындағы оқушылар өздерінің үздік жобаларын таныстырып, кодтау, роботты құрау әрі бағдарламалау бағыты бойынша білімдерін ортаға салды.

Чемпионат қорытындысы бойынша үздік деп танылған Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беретін мектебінің «Diamonds» командасы және Ақтау «Білім-инновация» лицей-интернатының «Spark Junior» командасы 23-25 ақпан аралығында Астана қаласында өтетін FIRST Халықаралық чемпионатының ұлттық кезеңіне жолдама алды.

Сонымен қатар, қатысушылар робот ойынында және инновациялық жобада өзінің сенімділігі мен қабілетін айтарлықтай көрсете білгені үшін арнайы номинациялармен марапатталды. Үздік деп танылған командаларға “Astana Hub” халықаралық IT-стартаптар технопаркінің Маңғыстау аймақтық өкілі Astana Hub халықаралық IT стартаптар технопаркінің оқу бағдарламалық курстарынан оқыту сертификаттары және мерчтері табысталды. Жеңімпаз оқушыларды және жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!

Маңғыстау облыстық білім
басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий