«Мұқағали мәңгілік ғұмыр»

Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар  еді дер де мүмкін,
 Бүтінделмей кеткен бір ер – тұрманы.

Жазылар естеліктер нешеленген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір – ақ нәрсе,
Көшеді өлең немесе өшеді өлең! – деп  Мұқағали ақынның өзі айтып кеткендей, күн күнге, жыл жылға ұласып уақыт жылжыған сайын, өнерді құрметтейтін, поэзияның тылсым сырларын түсінетін жаңа ұрпақ дүниеге келген сайын ұлы ақын тұлғасы мәңгі алдыңда жаңарып, қасқайып тұрады. 

Ақынның туған күні – қазақ поэзиясының үлкен мерекесіне айналды. Бұл күн  жайлы қазақ  елі ғана емес, алаш баласының аяғы жеткен жердің бәрінде тойланары хақ. Осы орайда,  Алматы қаласы, Медеу ауданы №33 мектеп – лицейінде ақиық ақынның туған күніне орай «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты  апталық өтті. Апталықта оқушылар “Мұқағали — поэзия патшасы» интелектуалдық сайысына түсті. Сондай-ақ «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін», «Поэзия, сен менімен егіз бе едің?» өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарысты. Бұл сайыста оқушылар ақын   өлеңдерін мәнерлеп оқып қана  қоймай,  ерен жырдың жаратушысы, шөлдеген жүректің сусынын қандыру үшін өмір сүрген ақынға өз жүректерінен шыққан бір – екі шумақ өлең жолдарын оқыды. 7 «А» сынып оқушысы Тұрар Есет Ермекұлы:

Мұқағали қыздарға талай жырын арнапты
Өлеңдердің негізін Фариза деп бастапты,
Жүрек жырын ақ параққа түсірген,
Жырларынан сезім сырын о бастан – ақ түсінгем.
Орындалса әндерің жаным жылап,
Нұр ойнайды жадыраған жүректен.

7 «Ә» сынып оқушысы Абдували Абдулхамит Азаматұлы:

Қайталанбас ақындығы бір тұлға,
Сарқылмайтын өлеңдері том – томда.
Жаса, жаса ғасырдың мұзбалағы мәңгілік,
Ұрпақтарың жырлап өтер бір өзіңді ән қылып.

10 ақпан күні өткен апталықтың жабылуы ғажайып, сыршыл ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кешпен басталды. Кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.  Медеу аудандық 28 мектептің мұғалімдері қол күресі, гір тасын көтеру және волейбол сынды спорт түрлерінен жарысқа түсті.

Ауыр салмақта гір тасын көтеруде бірніші орынды №163 мектеп -лицей атынан сайысқа түскен Қ.Жабелдесов алса, екінші орынды Д.Нуралиев (№33 мектеп-лицей)  иеленді. Үшінші орынға Ш.Сумазов (№53 мектеп-гимназия) жайғасты. Жеңіл салмақта гір тасын көтеруде  жеңімпаз атанған мектептер: Бірінші орын Қ.Маккев (№163 мектеп-лицей), екінші орын Н.Орынғалиев (№131 мектеп-лицей), үшінші орын Қ.Төленді (№194 мектеп). Ал қол күресіндегі ауыр салмақ бойынша, Д. Серікқазы (Үркер) бірінші орын, Қ.Әуезов (№12 мектеп-гимназия), екінші орын, Қ.Қасенов (№194 мектеп) үшінші орын алды.  Бұл кеште ақынның жерлесі  елімізге танымал әнші, өзінің ән шашуымен Сандуғаш Стамғазиева қонақта болды . Кеш соңында мектебіміздің директоры Алиев Нұрлан Меркенұлы  өз сөзінде келген қонақтарға алғысын білдіріп, жарыста жүлделі орын алған қатысушыларды құттықтап, сыйлықтар, грамота, алғыс хаттармен марапаттады.

 

Кенжебаева Мөлдір Баршабекқызы
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі.
Алматы қаласы, Медеу ауданы

№33мектеп – лицей

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий