Қарағанды облысы: Студенттерге арналған семинар

2024 жылдың 15 ақпанында машина жасау факультетінде 150-студентке «Ксенофобиялық, агрессивті радикалды діни нанымдар мен идеологиялардың мәні мен зияндылығын ашу» атты тақырыбында семинар өтті. Семинардың модераторы – Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы  Түсіпбеков Жарқын Амантайұлы.

Семинарға Қарағанды облысы бойынша шариғат және пәтуа бөлімінің жауапты маманы, «Әнет баба» мешітінің ұстазы Юсүпбек Шұғайұлы және облыс бойынша жат діни ағымдардан сақтандыру бөлімінің жауапты маманы «Әнет баба» мешітінің ұстазы Кемербаев Данияр Ерикұлы шақырылды. Кездесуде спикерлер, деструктивті бағыттардың ақпаратты қасақана жасыру немесе оны бұрмалау секілді әдістік белгілерді қалай пайдаланатынына тоқталды.

Әсіресе, деструктивті бағыттар өздерінің әлеуметтік желілерінде нейролингвистикалық бағдарлама арқылы магиялық риторикаға негізделген жалған діни мәтіндермен жастарымыздың санасын улау жолдары айтылды. Данияр Ерікұлы, деструктивті ағымдардың этностық және діни құндылықтардың маңыздылығын төмендетіп, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, әлеуметтік желілерде танымал тақырыптық топтар арқылы аясын қалай кеңейтетінін түсіндірді.

Кездесудің келесі қонағы Юсүпбек Шұғайұлы, көптеген азаматтарымыздың дінді тек құлшылықпен байланыстыратынын айтты. Теологтың пікірінше, ислам діні әу бастан адам баласына жаратылыстың қыр сырын тануға шақыратын дін екенін және оған дәлел болатын құранның бірнеше аяттарына тоқталды. Спикер кездесуді Шәкәрім Құдайбердіұлының мына бір өлең шумағымен қортындылады:

Таза ақылмен таппаған дін –
Шын дін емес, жындылық
Қармаланған бір соқырсың,
Өлген оймен көз, құлақ.
Шынымен, бүгінгі күні деструктивті ағымның өкілдері ақпарат кеңістігінде адам баласын дамытатын талап, ақыл, зейін, ойлау, парасат сынды қасиеттерді құртудың небір жолдарын ойластыруда. Жастарымызды мұндай ағымдардан сақтаудың бір жолы, Абай мен Шәкәрім сынды хакімдердің даналықтарымен таныстыру.

Жарқын ТҮСІПБЕКОВ, 
Ә. Сағынов атындағы Қарағанды
техникалық университетінің, Қазақстан
халқы Ассамблеясы және әлеуметтік
гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий