Үздік аттестатқа үміткердің шет елдік гранты
Ақтау қаласы бойынша №13 гимназиясының 11 «Ә» сынып оқушысы, үздік аттестатқа үміткер Сапар Диляра Шанхайдағы Нью-Йорк университеті – Қытай мен Нью-Йорк университеті арасындағы ынтымақтастықта құрылған алғашқы халықаралық қытай-американ университетінің грантын жеңіп алды!
Нью-Йорк университеті беделді Times Higher Education University Rankings әлем бойынша отызыншы орынды алған ең мықты университет болып есептеледі. Грант соммасы 208 мың доллар оқу шығынын жабады. Университетке биыл елу мыңға жуық түлек тапсырса, бакалавриатқа тек 1400 студентті қабылдайды.
Олардың жартысы Қытайдан, ал қалғандары Америка Құрама Штаттарынан және жетпіске жуық басқа елдерден келеді. Университете он тоғыз түрлі мамандықтар бар, Сапар Диляра бизнес және экономика саласын таңдады. Оқушымызға сәттілік тілейміз!
Маңғыстау облысы білім басқармасының баспасөз қызметі, Ақтау қаласы
Загрузка...
