Worldskills Aktau 2024

Ағымдағы жылдың 21-ақпанында Жаңаөзен қаласы, «Оқушылар мәдениет үйінде» Жаңаөзен қаласының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары – «Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі» МКҚК, «Маңғыстау жоғары медициналық колледжі» МКҚК, «Жаңаөзен политехникалық колледжі» МКҚК, «Каспий жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК, «Жаңаөзен қызмет көрсету және инновациялық технология колледжі» МКҚК бірлескен Worldskills Aktau 2024 чемпионатының колледжішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

Мақсаты – түрлі салаларда кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау сапасын халықаралық Worldskills стандарттарына сай арттыру.

Ашылу салтанатына облыстық білім басқармасының басшысы Д.Жұмашева, қала әкімінің орынбасары Ж.Аймағамбетов, «AMANAT» партиясының қалалық филиалының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, БАҚ өкілдері, ата-аналар, мектеп оқушылары қатысты.

Чемпионатқа Жаңаөзен қаласындағы 5 колледжден 52 құзыреттілік бойынша 244 студент қатысуда. Олардың жұмысын 156 сарапшы бағалайды. Басқарма басшысы Д.Жұмашева чемпионат өтіп жатқан құзыреттік алаңдарын аралап, қатысушылардың жұмыстарымен танысып, сәттілік тіледі.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий