Ағымдағы жылдың 21 ақпаны күні О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалдық – техникалық колледжі базасында «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша тәжірибелік алаңдар шеберханасы ашылды
Шеберхана 4 түрлі бағыт бойынша жабдықталған: «Ішкі жану қозғалтқышын жөндеу», «Беріліс қорабын жөндеу», «Слесарлық жұмыстар», «Ақауды анықтау және жүріс бөлігін жөндеу».
Шеберханада білім алушыларға кәсіби дағдыларды қалыптастыру арқылы Worldskills халықаралық стандарттар негізінде маман даярланатын болады.
Шеберхананың ашылу салтанатына облыстың білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының бас директоры А.А.Шарапатдинов, еңбек ардагерлері, әлеуметтік серіктестер, БАҚ өкілдері, колледж басшылары, ата-аналар, студенттер, «Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету, жөндеу» құзыреттілігі бойынша тәуелсіз сарапшылар қатысты.
Білім басқармасының басшысы Д.Жұмашева «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша Worldskills конкурстық тапсырмасы арқылы студентетрдің жұмысымен, шеберхана құрылымымен, колледж студенттерін тәжірибелік даярлау шарттарымен танысты.
Загрузка...