Ақшұқыр мектеп-лицейінде ұзақ жылдар бойы білім беру саласында табанды қызмет еткен, өлкемізден шыққан математик, бірнеше оқулық пен әдістемелік құралдардың авторы Қуантқан Вановтың атындағы математика кабинеті ашылды

Бұл рәсімге Қуантқан Рзаұлы мен туыстары, Түпқараған ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Нұржан Өтепбергенұлы, Түпқараған ауданы білім бөлімі басшысы Айбаршын Қуанышқалиқызы, Ақшұқыр ауылы әкімі Еркебұлан Қуатұлы қатысты.

Кабинеттің салтанатты ашылуынан кейін Қуантқан Ванов математикадан республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарымен кездесіп, дәріс оқып, әдістемесінің қыр-сырын бөлісті. Аталмыш рәсім мәдени шаралар залында жалғасып, ұстаздың құрметіне салтанатты кеш ұйымдастырылды. Өзі саз жазған әндер орындалып, жиылған жұрт ыстық тілектерін жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық мектеп» жобасы аясында Ақшұқыр мектеп-лицейінде осыған дейін Әмин спорт залы, Ыбырай бастауыш кабинеті, Әбіш кітапханасы ашылған болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий