Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Бүгін, 23 ақпан күні Маңғыстау облысының полиция департаменті мен білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білім беру мекемелерінің бейнебақылау камераларын және дабыл түймелерін 110-ға қосу мәселелері» тақырыбында жиналыс өтті.
Жиналысқа білім басқармасының, полиция департаментінің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, күзет мекемелерінің өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттілігі, бейнебақылау жүйесінің техникалық талапқа сай сәйкестігі, оларды жедел басқару орталықтарына қосу, лицензияланған күзетпен және дабыл түймелерімен қамтамасыз ету мәселелері қаралып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту, күзет мекемелері білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жұмыстарын сапалы қызмет көрсетуге ұсыныстар берілді.
#Маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы
Загрузка...
