«Ерекше білім беруге жағдай жасау – қоғам талабы»

Маңғыстау облысы білім басқармасының 2024 жылға іс-қимыл жоспарына сәйкес, «Ерекше білім беруге жағдай жасау – қоғам талабы» тақырыбындағы облыстық семинар 34 шағынауданда орналасқан № 19 мектеп-гимназиясында өтті.

Аталған шараға жергілікті атқарушы органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің инклюзивті білім беруге жауапты мамандары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, арнайы білім беру ұйымдары мен арнайы мамандар қатысты.

Семинар барысында инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивті білім беруге жағдай жасау туралы айтылып, «Шексіз әлем!» атты мерекелік бағдарлама аясында ерекше балалар ұстаздарының қолдауымен өз өнерлерін ( өлең оқу, хормен ән айту,ертегі қою) көрсетті.

Сонымен қатар ерекше балаларға білім беру бағытындағы ашық сабақтар, арнайы мамандар (логопед, дефектолог, психолог) шеберлік сыныптарын өткізді.

Семинарға қатысушы ұстаздар қауымымен «Мұғалім бейнесі», «Жақсы көңіл-күй жанға қуат» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Шара соңында семинарға қатысушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.

#Маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий